Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 мамырдағы № 21/244 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 мамырда № 2431 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.11.2021 № 11/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № 02-11-313 ұсынысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 3 маусымдағы № 35/350 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-7-93 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 тамыздағы "Мұнайлы" газетінде жарияланған); 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 6/52 "Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 3 маусымдағы № 35/350 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2160 болып тіркелген, 2012 жылғы 12 қазандағы "Мұнайлы" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Мұнайлы аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Себепбаева).

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

С. Абишев

Аудандық мәслихат


хатшысы

Б.Назар


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар

      бөлімінің басшысы

      Г.Т. Акниязова

      06 мамыр 2014 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Мұнайлы аудандық экономика

      және қаржы бөлімінің басшысы

      Ш.С. Сұңғат

      06 мамыр 2014 жыл

  Аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 06 мамырдағы
№ 21/244 шешімімен бекітілген

Мұнайлы ауданында аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 03.11.2021 № 11/64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 7 (жеті) пайыз мөлшерінде.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 18.05.2023 № 3/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 18.05.2023 № 3/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      Ескерту. 3 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 18.05.2023 № 3/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде пайдалы алаңы бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес мөлшерде, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 18.05.2023 № 3/20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.".

      Ескерту. 5 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 6/40 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мунайлинском районе

Решение Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 06 мая 2014 года № 21/244. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 26 мая 2014 года № 2431.

      Сноска. Заголовок решения в редакции на казахском языке, текст на русском языке не меняется, решением Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 03.11.2021 № 11/64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях"представлением Департамента юстиции Мангистауской области от 11 февраля 2014 года № 02-11-313, районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мунайлинском районе согласно приложению.

      2. Признать утратившими силу решения районного маслихата от 3 июня 2011 года № 35/350 "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 11-7-93, опубликовано в газете "Мунайлы" 1 августа 2011 года); от 13 сентября 2012 года № 6/52 "О внесении изменений в решение районного маслихата от 3 июня 2011 года № 35/350 "О размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 2160, опубликовано в газете "Мунайлы" 12 октября 2012 года.

      3. Руководителю аппарата Мунайлинского районного маслихата (А. Жанбуршина) обеспечить государственную регистрацию настоящего решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Мунайлинского районного маслихата по социальным вопросам, законности, правопорядка, по депутатским полномочиям и этике (председатель комиссии Себепбаева Г).

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

С. Абишев

Секретарь районного


Маслихата

Б.Назар


      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Мунайлинского

      районного отдела занятости и

      социальных программ

      Акниязова Г.Т.

      06 мая 2014 года

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель Мунайлинского

      районного отдела экономики и

      финансов

      Сұңғат Ш.С.

      06 мая 2014 года

  Утверждено решением
районного маслихата
от 06 мая 2014 года № 21/244
 

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Мунайлинском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 03.11.2021 № 11/64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченных семей (граждан) на эти цели, установленным местными представительными органами, не более 10 процентов.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) в размере 7 (семи) процентов.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 18.05.2023 № 3/20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Мунайлинский районный отдел занятости и социальных программ" (далее – уполномоченный орган).

      Сноска. Пункт 2 в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 18.05.2023 № 3/20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20498).

      Сноска. Пункт 3 в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 18.05.2023 № 3/20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. При назначении жилищной помощи принимается норма площади в размере не менее 15 (пятнадцати) квадратных метров и не более 18 (восемнадцати) квадратных метров полезной площади на одного человека, но не менее однокомнатной квартиры или комнаты в общежитии.

      Сноска. Пункт 4 в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 18.05.2023 № 3/20 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      Сноска. Пункт 5 в редакции решения Мунайлинского районного маслихата Мангистауской области от 23.10.2023 № 6/40 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Для назначения жилищной помощи малообеспеченная семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в Некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) либо на веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет восемь рабочих дней.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам).

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.