"Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 315 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 шілдеде № 4927 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 22.02.2017 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 315 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы
жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.
      Құрылтайшы "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жедел басқаруындағы мүліктің меншік иесі болып табылады.
      Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді заңнамада көзделген тәртіппен Құрылтайшы жүзеге асырады.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен бекітілген Жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      9. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      10. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      11. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 110000 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қасымқанов көшесі, 34.
      12. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      13. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерімен "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кірістер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

      16. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру.
      17. Міндеттері:
      1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында заңнаманың сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
      2) өз құзыреті шегінде өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және азаматтардың құқықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
      3) ұжымдық шарттарды жасасуға мониторинг.
      18. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асырады;
      3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізеді және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп-тексереді;
      5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізеді;
      6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысады;
      7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарайды;
      9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру кестелерін әзiрлейдi және бекiтедi;
      11) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйесінің базасында еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау ахуалына жүргізілген мониторингтің нәтижелерін ұсынады;
      12) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты береді:
      13) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша ұжымдық еңбек дауларының мониторингін жүргізеді;
      14) жұмыс берушінің қызметін декларациялауды жүзеге асырады.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 29.02.2016 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      5) Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдіктің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      20. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының өкілеттігі:
      1) өз орынбасарларының және "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерінің шеңберін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді, орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен барлық қарым-қатынастарды "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің атынан жасайды;
      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      8) "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын, қызметкерлердің белгіленген еңбекақы төлеу қоры мен саны шегінде "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
      9) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      25. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
      "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады