"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 528 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада № 5178 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 502 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы әкімдігінің 07.11.2016 № 502 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қостанай облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 200 "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 27 қазандағы
№ 528 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің шегінде облыстың білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің осы Ереженің қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес ведомстволары бар.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс регламентіне сәйкес белгіленеді.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Майлин көшесі 2а.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
      15. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби қалыптастыруға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайларды жасау болып табылады.
      16. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары:
      1) тәрбиелеу мен білім берудің үздіксіз үдерісі, қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияткерлік, мәдени және дене тәрбиесі мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізу;
      2) білім алуға облыс азаматтарының конституциялық құқығын қамтамасыз ету;
      3) облыстың білім беру ұйымдарында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. Міндеттері:
      1) білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
      2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
      18. Функциялары:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      азаматтарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді ұсыну жөніндегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларды оқыту қызметін үйлестіру;
      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы Ереженің қосымшасында көрсетілген облыстық білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
      мемлекеттік облыстық білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу мониторингі;
      мектеп олимпиадаларын және Жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар конкурстарын, облыстық масштабтағы орындаушылар конкурсын және кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметті үйлестіру;
      балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультативтік көмек көрсету жөніндегі арнайы білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы облыс әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қолдау және көмек көрсету;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіпте мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асыратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру;
      білім алушылардың тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларының мағынасын меңгеруін тексеру мақсатында жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге және оқушылардың оқу жетістіктерін сырттай бағалауға қатысуын ұйымдастыру;
      кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтарында тұрып жатқан тұлғалар үшін жағдайлар жасау;
      өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
      2) Ведомстволардың функциялары:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру;
      зияткерлік қызметтердің әр алуан түрлерінде қабілеттіліктің жоғары деңгейін немесе жекелеген пәндер (салалар) бойынша ерекше дарындылығын көрсеткен балаларды оқыту және тәрбиелеу;
      тәрбиеленушілерді асырау, тәрбиелеу және олардың жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім алуы үшін жағдайлар, оның ішінде олардың физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін жағдайлар жасау;
      жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұратын орындарды бере отырып, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, асырау, тәрбиелеу, жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдайларды жасау;
      дамуында, тәрбиеленуінде, білім алуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру, оларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуді қолдау құқықтарын белгілеу;
      ауыр тіршілік жағдайларына тап болған балалар мен жасөспірімдерге уақытша тұратын орындарды бере отырып, тәрбиелеу, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасау;
      қоғамға кейін шоғырлануы үшін даму, бейімделу және әлеуметтік оңалту бұзушылықтарын түзету мақсатында ақыл-ойы кеміс (зияткерлік бұзушылықтары бар) балаларды оқыту;
      қоғамға кейін шоғырлануы үшін оларды дамыту, бейімдеу және әлеуметтік оңалту бұзушылықтарын түзету мақсатында психикалық даму бөгелісі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 09.04.2015 № 143; 04.03.2016 № 102 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       19. Құқықтары мен міндеттері:
      1) білім беру ұйымдарында оқыту-тәрбиелеу үдерісінің ұйымдастырылу сапасын талдау;
      2) өз құзыреті шегінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын сақтау;
      3) өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерін белгіленген тәртіпте аттестаттауды өткізу;
      4) орта білім беру жүйесін ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
      5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
      6) жоғары тұрған органдардың тапсырмаларын орындау;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
      8) осы Ережеде көрсетілген құқықтармен қатар, оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен ұсынылған басқа да құқықтар мен міндеттер бар.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      20. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      22. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      23. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
      3) заңнамада белгіленген тәртіпте "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) заңнамада белгіленген тәртіпте "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне, облыстық білім беру ұйымдарының директорларына тәртіптік жаза қолданады, сондай-ақ сыйақы береді;
      5) "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қолданбағаны үшін дербес жауапты болады;
      7) бұйрықтарға қол қояды және "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындау үшін міндетті тапсырмалар береді;
      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесін атқарушы органдарда және өзге де ұйымдарда ұсынады;
      9) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      24. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      25. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      26. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      28. "Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы ережеге қосымша

"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың тізбесі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 09.04.2015 № 143 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай құрылыс-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный құрылыс және көлік колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Боровской кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қарасу ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Науырзым ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов кәсіптік – техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай тұрмыстық қызмет көрсету колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный тау-кен технологиялық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Тобыл кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный технологиялар мен қызмет көрсету колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай кәсіптік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      17. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қазақстан агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      18. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай автомобиль көлігі колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      19. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      20. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай педагогикалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      21. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауыл шаруашылығы колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      22. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай құрылыс колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      23. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      24. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный музыкалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      26. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный политехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      27. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      28. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Сарыкөл агробизнес және құқық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      29. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Торғай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      31. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      32. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 2 Қостанай түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      33. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай облыстық балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      34. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "№ 3 Қостанай түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      35. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған "Озат" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      36. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Отбасылық үлгідегі "Жанұя" балалар ауылы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      37. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған № 1 Рудный түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      38. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      39. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Лисаков түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      40. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Боровской облыстық санаторлық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      41. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Облыстық жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      42. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный жасөспірімдер үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      43. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Федоров балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      44. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық түзеу мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      45. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай түзеу мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      46. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный түзеу мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      47. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      48. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      49. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      50. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Үміт" Әулиекөл балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      51. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара балалар мен жасөспірімдер баспанасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      52. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      53. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      54. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      55. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      56. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      57. Қостанай облысы әкiмдiгi бiлiм басқармасының "Қостанай дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      58. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      59. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Дене тәрбиесінің Қостанай өңірлік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      60. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      61. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Техникалық және кәсіптік білім берудің өңірлік ғылыми-әдістемелік орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады