Әкімдіктің 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 176 "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 564 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5216 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 17.07.2015 № 307 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 553 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 3 тамыздағы № 779 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
      1. "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 176 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4771 болып тіркелген, "Қостанай таңы" газетінде 2014 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      бірінші бөлігінің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
      облысының әкімі                            Н. Садуақасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады