Мәслихаттың 2012 жылғы 31 қазандағы № 78 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2014 жылғы 19 ақпандағы № 204 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 наурызда № 4488 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 285 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 24.12.2014 № 285 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2012 жылғы 31 қазандағы № 78 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3897 тіркелген, 2012 жылғы 14 желтоқсанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Аманкелді ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      Аманкелді ауданында тұрақты тұратын адамдарға бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі көрсетіледі;
      аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Кезекті оныншы сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  Ә. Саматов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Аманкелді аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ____________ М. Тобағабулов

      "Аманкелді ауданының қаржы
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
      басшысы
      __________________ Ж. Сеилова

      "Аманкелді ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ М. Сакетов

О внесении изменения в решение маслихата от 31 октября 2012 года № 78 "О правилах оказания жилищной помощи"

Решение маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 19 февраля 2014 года № 204. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 13 марта 2014 года № 4488. Утратило силу решением маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 24 декабря 2014 года № 285

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Амангельдинского района Костанайской области от 24.12.2014 № 285.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Амангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата от 31 октября 2012 года № 78 "О правилах оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3897, опубликовано 14 декабря 2012 года в газете "Аманкелді арайы") следующие изменение:
      в Правилах оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      пункт 1 изложить в новой редакции:
      "1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в Амангельдинского районе, на оплату:
      расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде;
      жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания), согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания) за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Амангельдинском районе;
      расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 1 января 2014 года.

      Председатель очередной десятой
      сессии, секретарь районного
      маслихата                                  Саматов А.

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел занятости и социальных программ
      Амангельдинского района"
      ___________________ Тобагабулов М.

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел финансов Амангельдинского района"
      _________________________ Сеилова Ж.

      Руководитель государственного учреждения
      "Отдел экономики и бюджетного планирования
      Амангельдинского района"
      _______________________ Сакетов М.