Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 230 "Аманкелді аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 270 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 желтоқсанда № 5218 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 2017 жылғы 18 мамырдағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Аманкелді ауданы мәслихатының 18.05.2017 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 230 "Аманкелді аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4682 тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Аманкелді аудандық мәслихатының регламентінде:

      35-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ауылдар, ауылдық округтер тұрғындарын мәслихаттың есебімен жергілікті қоғамдастықтың жиындарында мәслихаттың хатшысы, тұрақты комиссиялардың төрағалары басқаратын депутаттар тобы таныстырады.";

      орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессия төрайымы Қ. Мақсұтбаева
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Ә. Саматов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады