Денисов ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 68 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда № 4692 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қарашадағы № 231 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 24.11.2020 № 231 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28-бабы 6-тармағына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Денисов аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Денисов ауданы аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес анықталсын, көрсетілген орындар стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Е. Жаманов

КЕЛІСІЛДІ


Денисов аудандық


сайлау комиссиясының төрағасы


_________________ В. Моргуль



  Әкімдіктің
2014 жылғы 8 сәуірдегі
№ 68 қаулысына қосымша

Денисов ауданы аумағында үгіттік
баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 06.05.2019 № 71 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді-мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Денисовка ауылы

"Глебовка ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Центральная көшесі

2

Глебовка ауылы

"Тобыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Центральная көшесі

3

Антоновка ауылы

"Тельман ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Садовая көшесі

4

Покровка ауылы

"Покров ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Мир көшесі

5

Фрунзенское ауылы

"Фрунзе орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Комсомольская көшесі

6

Әйет ауылы

орталық алаңда, Клубная көшесі

7

Заәйет ауылы

"Заәйет орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Школьная көшесі

8

Свердловка ауылы

"Свердлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Производственная көшесі

9

Аршалы ауылы

"Аршалы ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Центральная көшесі

10

Приреченка ауылы

"Приречен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Клубная көшесі

11

Комаровка ауылы

"Комаровка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында, Центральная көшесі

12

Қырым ауылы

"Крымское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кеңсе ғимаратының жанында, Ленин көшесі

13

Перелески ауылы

"Перелески орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Школьная көшесі

14

Жалтыркөл ауылы

"Баталы орта мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында, Мир көшесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады