Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 57 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 наурызда № 4472 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Жангелдин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Жангелдин ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 21 ақпандағы № 6 "Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-9-128 болып тіркелген, 2011 жылғы 22 ақпанда "Біздің Торғай" аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау Жангелдин ауданының әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Кенжегарин

      КЕЛІСІЛДІ:

      Жангелдин аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      ___________________ Қ. Әлібек

  Әкімдіктің
2014 жылғы 3 ақпандағы
№ 57 қаулысына қосымша

Жангелдин ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы әкімдігінің 14.02.2023 № 23 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Елді мекендер

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Торғай ауылы

Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйі" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жангелдин аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жангелдин аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жангелдин аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ғимараты жанындағы тақта;
Жангелдин ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің "Коммуналдық шаруашылық кәсіпорны" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараты жанындағы тақта.

2

Тәуіш ауылы

"Жангелдин ауданының Жаркөл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Тәуіш ауылының кітапханасының жанындағы тақта.

3

Сужарған ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қанапия Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Сужарған ауылының клубының жанындағы тақта.

4

Саға ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Мыржақып Дулатов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Саға ауылының клубының жанындағы тақта.

5

Ахмет Байтұрсынұлы ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Ахмет Байтұрсынұлы ауылының клубының жанындағы тақта.

6

Ақкөл ауылы

Ақкөл ауылдық кітапханасы жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

7

Көкалат ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Албарбөгет жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Көкалат ауылының клубының жанындағы тақта.

8

Аралбай ауылы

"Жангелдин ауданының Аралбай ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимараты жанындағы тақта;
Аралбай ауылының клубының жанындағы тақта.

9

Қалам-Қарасу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Ғафу Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Қалам-Қарасу ауылының клубының жанындағы тақта.

10

Ақшығанақ ауылы

Ақшығанақ ауылының кітапханасы жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

11

Шеген ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Аманкелді атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
Шеген ауылының клубының жанындағы тақта.

12

Милісай ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Сырбай Мәуленов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

13

Шилі ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Қайнекей Жармағанбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта;
"Жангелдин ауданының Шилі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

14

Бидайық ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Бидайық бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

15

Шұбалаң ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Шұбалаң негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

16

Сарысу ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының бұрынғы "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Сарысу бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

17

Көлқамыс ауылы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жангелдин ауданы білім бөлімінің Айса Нұрманов атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты жанындағы тақта.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады