2009 жылғы 14 наурыздағы № 2 "Станционный селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Станционный ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 30 маусымда № 4894 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 35 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Станционный ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Станционный ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 2 "Станционный селолық округі елді мекендерінің құрамды бөліктеріне атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-107 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                 Д. Султанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады