"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 423 қаулысы. Қостанай ауданының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 5234 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 3 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 12.01.2016 № 3 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Жақаев

Әкімдіктің        
2014 жылғы 14 қарашадағы 
№ 423 қаулысымен    
бекітілген       

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шеңберінде білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Меңдіқара ауданының әкімдігі болып табылады.
      2. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің осы Ережеге қоса беріліп отырған тізбесіне сәйкес ведомстволары бар.
      3. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Тұрсынбай батыр көшесі, 71- үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Миссиясы: білім беру саласында мемлекеттік мекемелерде саясатты іске асыру.
      15. Міндеттері:
      1) аудан аумағында Қазақстан Республикасының білім беру саясатын іске асыру;
      2) аудан аумағында Қазақстан Республикасының тәрбиелеу саясатын іске асыру;
      3) материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту;
      4) білім саласында перспективті, ағымдағы, нысаналы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
      5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу;
      6) ведомствоға бағынысты ұйымдарында қолданыстағы заңнаманың дұрыс қолданылуына бақылау жасау.
      16. Функциялары:
      1) ведомствоға бағынысты ұйымдарының білім беруді дамыту бағдарламаларын мемлекеттік стандарттар негізінде іске асыру бойынша жұмысын ұйымдастырады;
      2) кешкі (ауысымды) оқыту түрін қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімді қамтамасыз етеді;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастырады;
      4) оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
      5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және мектепке дейінгі білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне жәрдемдеседі;
      6) мектепалды даярлықтық, бастауыш, негізгі орта, және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтарды және оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізуді ұйымдастырады;
      7) балалардың қосымша білім алуын қамтамасыз етеді;
      8) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарына және отбасыларға қажетті әдістемелік және кеңестік көмек көрсетеді;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді;
      11) ақпараттық жүйелерді оңтайландыру және автоматтандыру арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз етеді;
      12) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
      13) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді;
      14) қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарайды;
      15) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолданады;
      16) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
      17) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолданады;
      18) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, халыққа қызмет көрсету орталықтарына мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынады;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізеді;
      20) мемлекеттік қызметтер стандарттарын сақтауды қамтамасыз етеді;
      21) кәмелетке толмағандарға қатысты қамқоршылық және қорғаншылық бойынша мемлекет функциясын жүзеге асырады;
      22) ведомствоға бағынысты ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне кешенді талдау жасайды;
      23) ведомствоға бағынысты ұйымдарына қаржы-шаруашылық қызметі, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша құқықтық, әдістемелік көмек көрсетеді;
      24) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, қажетті шара қолданады;
      25) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдайды және оларға кеңес береді;
      26) мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуы бойынша шара қабылдайды;
      27) аудандық ведомствоаралық комиссиялар органының функцияларын жүзеге асыру:
      кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі;
      Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін;
      жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалуын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі;
      27-1) халыққа психологиялық-медициналық–педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
      28) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 17.07.2015 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Құқықтары:
      1) осы Ережеге сәйкес өз құзыретінің шегінде білім беру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның өкілі болу;
      2) өз құзыреті шегінде ведомствоға бағынысты мекемелер мен кәсіпорындар үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығару;
      3) белгіленген тәртіпте атқарушы биліктің мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан (олардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан) өз қызметтері бойынша мәліметтерді, материалдарды және құжаттарды сұрату және алу;
      4) білім беру саласында қажетті мәселелерді шешу үшін уақытша және тұрақты жұмыс топтарын, комиссияларды және басқа ұжымдық органдарды құру;
      5) жарғылық қызметтеріне сәйкес ведомствоға бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы өтініш ету және енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бақылау;
      6) белгіленген тәртіпте және өз қызметінің мақсатына сәйкес бекітілген мүлікке иелік ету және қолдану;
      7) жергілікті атқарушы органдардың келісімімен өзінің негізгі қызметін жоспарлау және білім беру саласының дамуын анықтау;
      8) ведомствоға бағынысты ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін талдау;
      9) теориялық және практикалық білім, шеберлік, дағдыларды жаңарту, сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында білім бөлімінің мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
      18. Міндеттері:
      1) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
      2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
      3) қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
      4) мемлекеттік қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесін халыққа қызмет көрсету орталығына жіберу;
      5) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
      6) қызмет алушылардың шағымдарын белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
      7) қызмет алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету;
      8) қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
      9) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
      10) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз ету;
      11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға қызмет алушының жазбаша келісімін алу;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      21. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      2) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды;
      3) жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) заңнамаға сәйкес жұмыскерлерін қабылдайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      5) бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасайды және осы үшін дербес жауапты болады;
      7) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      8) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі басшысы бекіткен Регламентке сәйкес белгіленеді.
      23. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің 
білім бөлімі" мемлекеттік   
мекемесі туралы ережеге    
қосымша           

"Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар
тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 17.07.2015 № 171 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Архипов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      2) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      3) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      4) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Борков орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      5) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Буденный орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      6) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Введен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      7) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жангелді орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      8) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Каменскорал орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      9) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      10) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Краснопреснен орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      11) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Ломоносов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      12) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Михайлов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      13) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Первомай орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      14) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Сосна орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      15) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Степанов орта мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      16) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Алешин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      17) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Балықты негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      18) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Долбуш негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      19) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Жарсуат негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесіне;
      20) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Загарин негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      21) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Көктерек негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесіне;
      22) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Лесной негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      23) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Теңіз негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      24) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Төлеңгүт негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      25) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімнің Алқау бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      26) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Спандияр Көбеев атындағы Ақсуат бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      27) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Иванов бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      28) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Қаражар бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      29) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Қызылту бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      30) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Никитин бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      31) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Шиелі бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесі;
      32) "Меңдіқара ауданының балалар мен жастар шығармашылығының үйі" мемлекеттік мекемесі;
      33) "Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің Боровской өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      34) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      35) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      36) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      37) "Меңдіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Жас әлем" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      38) Меңдіқара ауданы әкімдігі білім бөлімінің "Меңдіқара ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады