"Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 202 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 шілдеде № 4914 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 30.05.2016 № 105 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Даиров

  Науырзым ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 4 маусымдағы № 202
қаулысымен бекітілген

"Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ақпараттық–талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111407, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Өлеңді ауылы, Атамекен көшесі.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері
      "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз ету болып табылады.
      13. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын, қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу;
      4) заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының және олардың елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының деңгейін арттыру;
      5) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс–қимыл жасау.
      14. Функциялары:
      Ақпараттық-талдау:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдарымен қамтамасыз ету;
      2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
      4) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жай–күйіне және орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
      Ұйымдастыру-құқықтық функциялары:
      1) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды және басқа да іс-шараларды өткізу, олардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру;
      2) ауыл әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің, аудан әкімінің және ауыл әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу;
      4) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
      5) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
      6) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
      7) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
      8) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
      9) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
      10) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
      11) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
      12) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      13) өз құзіреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалдық іс–әрекеттерді жүзеге асыру;
      14) Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      15) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      16) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
      18) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
      19) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      15. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      3) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      16. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылығы "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын ауыл әкімімен жүзеге асырылады.
      17. Ауыл әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      18. Әкімнің өкілеттігі:
      1) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
      2) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
      3) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ережені, "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің штат саны мен құрылымы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
      4) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттер мен өкілеттіліктерін белгілейді;
      6) өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды;
      7) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      8) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындалуы міндетті өкімдерге қол қояды;
      9) жоғары тұрған мекемелерге ай сайын уақытылы есепті ұсынады;
      10) "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жібереді;
      11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      12) бағдарламалар және нормативтік құқықтық актілердің, басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс тобын құрады;
      13) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      14) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.
      15) заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді орындайды;
      19. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкіммен басқарылады.
      20. Өлеңді ауылы әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Науырзым ауданы Өлеңді ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады