"Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 4 маусымдағы № 198 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 шілдеде № 4915 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 105 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 30.05.2016 № 105 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуді заңнамамен белгіленген мерзімде жүргізсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Т. Даиров

  Науырзым ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 4 маусымдағы № 198
қаулысымен бекітілген

"Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Жалпы ережелер
      1. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және ауылдық округі әкімінің ақпараттық–талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін жүзеге асыра қамтамасыз ету.
      2. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру–құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111400, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Науырзым ауданы, Қарамеңді ауылы, Абай көшесі, 45.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
      функциялары, құқықтары мен міндеттері
      "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ауыл әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
      13. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, Конституциялық құрылысын, қауіпсіздігін қорғау, аумақтық тұтастығын, нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын орындау, елдегі әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқару;
      3) демократиялық әдістерімен мемлекеттік өмірдің аса маңызды мәселелерін шешу, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу;
      4) заңдылық пен құқықтық тәртіптерді нығайту жөніндегі шараларды жүзеге асыру, азаматтардың құқықтық саналылығының деңгейін және елдің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенді азаматтық ұстанымдарының арттыру;
      5) бұқаралық ақпарат құралдарымен және қоғамдық ұйымдарымен өзара байланыс жүргізу.
      14. Функциялары:
      Ақпараттық талдау:
      1) ақпараттарды жинауды, өңдеуді жүзеге асыру және ауыл әкімін елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық–талдау материалдармен қамтамасыз ету;
      2) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
      3) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық актілерді жариялау;
      4) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орындаушылық тәртібіне талдау жүргізу;
      Ұйымдастыру-құқықтық функциялары:
      1) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын жоспарлау, кеңестерді, семинарларды, іс-шараларды өткізу, олардың дайындығын және өткізілуін ұйымдастыру;
      2) ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;
      3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдерінің және ауыл әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу;
      4) заңнаманың сақталмағандығы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қолдану;
      5) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметкерлерін даярлау және қайта даярлауды, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
      6) әкімнің шығарған актілерін тіркеуді жүргізу;
      7) әкімнің актілерін тиісті дәрежеде ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;
      8) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде іс жүргізуді жоспарға сәйкес ұйымдастыру;
      9) қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау;
      10) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
      11) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдау;
      12) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      13) ауыл әкімінің жанындағы консультативті - кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;
      14) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындау;
      15) Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне сәйкес, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету;
      16) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды қамтамасыз ету;
      17) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
      19) құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасау;
      20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      15. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін ауыл әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға құқығы бар;
      2) мемлекеттік органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
      3) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған берілген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
      16. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшылығы аталған мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жауапты болатын ауыл әкімімен жүзеге асырылады.
      17. Ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
      18. Әкімнің өкілеттігі:
      1) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда ұсынады;
      2) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуына дербес жауапкершілікті мойнына алады;
      3) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін әзірлейді, "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің штат саны мен құрылымы жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді және оны аудан әкіміне бекітуге ұсынады, еңбекақы қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметкерлерге қосымша ақыны, материалдық көтермелеуді (сыйлықақы) белгілейді;
      4) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
      5) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің өкілеттіліктер мен міндеттерін белгілейді;
      6) өз құзыретіне қарасты басқа да мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды;
      7) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне заңнамамен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      8) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен орындалуы міндетті өкімдерге қол қояды;
      9) жоғары тұрған мекемелерге ай сайын уақытылы есепті ұсынады;
      10) "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін іссапарға жібереді;
      11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      12) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмыс тобын құрады;
      13) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      14) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізеді.
      15) заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді орындайды;
      19. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын әкіммен басқарылады.
      20. Қарамеңді ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      4. Мемлекеттік органның мүлкі
      21. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      22. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
      24. "Науырзым ауданы Қарамеңді ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қайта тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады