Федоров ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 214 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 сәуірде № 4537 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 29.04.2016 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Заңының 10-бабына сәйкес, Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Федоров ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Мәслихаттың 2009 жылғы 23 қарашадағы № 234 "Федоров ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібіне қосымша реттеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-165 тіркелген, 2010 жылғы 14 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Х сессияның төрайымы Л. Финк
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Бекенов

      КЕЛІСІЛДІ:
      Федоров ауданының әкімі
      ______________ Қ. Ахметов

  Мәслихаттың
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 214 шешіміне қосымша

Федоров ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі

№ р/с
Өткізу орны
Объектінің атауы
1
Федоров ауылдық округі
Федоров ауылы Красноармейский көшесіндегі Тәуелсіздік алаң
2
Баннов ауылдық округі
Баннов ауылы Гагарин көшесіндегі орталық алаң
3
Вишневый ауылдық округі
Вишневый ауылы 8 март көшесіндегі алаң
4
Воронеж ауылдық округі
Придорожное ауылы Центральный көшесіндегі алаң
5
Камышин ауылдық округі
Чистый Чандақ ауылы Пионеров көшесіндегі алаң
6
Қоржынкөл ауылдық округі
Лесной ауылы Юбилейный көшесіндегі орталық алаң
7
Қосарал ауылдық округі
Кенарал ауылы Советский көшесіндегі орталық алаң
8
Костряков ауылдық округі
Костряков ауылы Ленин көшесіндегі алаң
9
Ленин ауылдық округі
Ленин ауылы Ленин көшесіндегі орталық алаң
10
Новошумный ауылдық округі
Новошумный ауылы Чапаев көшесіндегі орталық алаң
11
Первомай ауылдық округі
Первомай ауылы Ленин көшесіндегі орталық алаң
12
Пешков ауылдық округі
Пешков ауылы Ленин көшесіндегі орталық алаң
13
Шандақ ауылдық округі
Мирный ауылы Зеленая көшесіндегі алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады