Баннов ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 29 "Баннов селолық округінің Чехов селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Баннов ауылдық округінің әкімінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 10 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 маусымда № 4822 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес, Баннов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Баннов ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 29 "Баннов селолық округінің Чехов селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-132 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы, Баннов селолық округі, Чехов селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Баннов ауылдық округінің әкімі             В. Воробкало

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады