«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына, 37-бабының 2-тармағына, 38-бабының 3-тармағына, 39-бабының 3, 4-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1.
Осы бұйрыққа қосымшасына сәйкес, ұсынылған Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қағадалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәлігі, төс белгісі, нөмірлі мөртабаны және пломбирінің беру Қағидасын бекіту.
2.
Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның алдағы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ж.А. Смаиловқа жүктелсін.
4.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр |
В. Божко |
Қазақстан Республикасы Төтенше |
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары
1.
Осы Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы. 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 1-тармағы 61) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 .жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеге» сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау, өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мертабандарды және пломбирлерді беру тәртібін айқындайды.
2.
Қызметтік куәлік, төс белгі, нөмірлі мөртабан және пломбир лауазымға тағайындалған кезде мемлекеттік инспекторға қол қоюмен беріледі.
3.
Қызметтік куәлік бес жыл мерзімге беріледі.
4.
Берілген қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир есебін жүргізу үшін құрылымдық бөлімшенің кадрлық қызметі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналын жүргізеді.
5.
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және пломбирді беру журналы нөмірленген, тігілген және құрылымдық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітілген болуы тиіс.
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабанды және шюмбирді беру журналы формаларының үлгілері осы Қағидалардың 1-қосымшасында келтірілген.
6.
Мемлекеттік инспектор берілген қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбирдің сақталуына дербес жауаптылықта болады.
7.
Мемлекеттік инспекторды жұмыстан босатқан кезде қызметтік куәлік, төс белгісі, нөмірлі мөртабан және пломбир қайтаруға жатады.
Қызметтік куәлік және нөмірлі мөртабан жою туралы акт құрғаннан кейін жоюға жатады, бұл туралы қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою актілерін тіркеу журналдарында елтаңбалы мөрмен бекітілген тиісті жазба жүргізіледі.
Қызметтік куәліктерді және нөмірлі мөртабандарды жою актілерін тіркеу журналдары формаларының үлгілері осы Қағидалардың 2-қосымшасында келтірілген.
Азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналдары формаларының үлгілері 1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді беру журналы
№ р/с |
Өнеркәсіптік |
Берілген күні |
Қызметтік |
Төс белгігінің нөмірі |
Нөмірлі мөрта |
Пломбир |
Тегі, аты, әкесінің |
|
алған адамның |
берген адамның |
|||||||
қызметтік куәлік, төс |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық
қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік
инспекторларға қызметтік куәліктерді, төс белгілерін беру
журналы
Азаматтық қорғау саласындағы қызметтік куәліктерді, нөмірлі мөртабандарды және пломбирлерді жою
актілерін тіркеу журналдары формаларының үлгілері Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік
куәліктерін және нөмірлі мөртабандарын жою актілерін тіркеу
журналы
№ р/с |
Қызметтік |
Қызметтік куәлікті, нөмірлі |
Қызметтік |
Нөмірлі |
Қызметтік куәліктерді және |
1 |
2 |
3 |
4 |
6 |
8 |
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау, азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың қызметтік куәліктерін жою актілерін тіркеу
журналы
№ р/с |
Қызметтік |
Қызметтік куәлікті қайтарып берген |
Қызметтік |
Қызметтік куәліктерді жою бойынша |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |