"Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 07 ақпандағы N 18/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 ақпанда N 3710 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 11 қазандағы № 349/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 11.10.2018 № 349/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" N 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 7 ақпандағы
№ 18/2 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, сумен жабдықтау және су бұру салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Қайырбаев көшесі, 32-үй.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 27.04.2015 N 127/4 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Государственное учреждение "Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Павлодар облысының энергетика басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен "Павлодар облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірігуі жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды, тараптар дауласатын міндеттемелерді қоса алғанда, тапсырыс актісіне сәйкес құқықтары мен міндеттеріне қатысты олардың құқық иеленушісі болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнама актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне беріледі.

2. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Павлодар облысының аумағында энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу.

      17. Энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

      18. Энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, сумен жабдықтау және су бұру мәселелері жөніндегі іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) облыстың энергетиканы, энергия үнемдеуді, энергия тиімділік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты арттыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

      2) энергетика, энергия үнемдеу, энергия тиімділікті арттыру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы облыстық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

      3) республикалық маңызы бар электр желілері мен электр станцияларын қоспағанда, облыстың энергетика кәсіпорындарын тиімді дамытуға және қызмет етуіне бағытталған шараларды ұйымдастыру.

      20. Функциялары:

      1) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде облыстың мемлекеттік энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіру;

      2) құзыреті шегінде облыс энергетика кешенінің және облыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына, облыстың отын қоры мен мемлекеттік ресурстарын жасауға және тиімді пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыру;

      3) коммуналдық меншіктегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың су-шаруашылық имараттарының жай-күйіне мониторинг жасау;

      4) облыстың коммуналдық меншігіндегі су құбырларын, тазалау имараттарын, басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілерін салуды, қайта жаңартуды және пайдалануды ұйымдастыру;

      5) аумақтарға құрылыс салу, оларды көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуге қатысу, облыстың тұрғын үй-коммуналдық қорын сақтау және ұстау жөніндегі жұмысты үйлестіру;

      6) бюджеттен қаржыландырылатын облыстың коммуналдық меншік объектілерін (бақтар, саябақтар, оралым ішін абаттандыру, су шаруашылығы) салу және қайта жаңарту туралы шешімдер қабылдау;

      7) энергия үнемдеу және энергия тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралардың тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізілуін қамтамасыз ету;

      8) облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

      9) облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне мониторингті жүзеге асыру, оларды жобалау және салу кезінде ұсыныстар енгізу;

      10) құзыреті шегінде жетекшілік ететін салалар бойынша инвестициялық жобалардың салалық сараптамасын өткізу;

      11) сумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың инвестициялық жобаларын тариф жасау саласындағы уәкілетті органмен қарау және бірлесіп бекіту;

      12) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және жергілікті жүйелерінен ауыз суды беру жөніндегі қызмет көрсетулердің құнын субсидиялау;

      13) құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия тұтыну нормативтерін сақтауына мониторинг жасауды жүзеге асыру;

      14) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асыру;

      15) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;

      16) облыс әкімінің тапсырмаларын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау және орындауды ұйымдастыру;

      17) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыстар орнату және оларды тұрақты дамыту;

      18) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      19) тиісті деректер қорын құрумен облыстың бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;

      20) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      21) мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жуапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;

      22) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асыру;

      23) тұрмыстық баллондар мен газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      24) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

      25) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізу;

      26) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісу;

      27) барлық қуаттағы жылыту қазандықтары мен жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспорттарын беру;

      28) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келісу;

      29) 110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру;

      30) тұтынушылардың жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануын және техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;

      31) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылау;

      32) тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту;

      33) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту;

      34) Табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келісу;

      35) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын бекіту;

      36) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерге (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақ үй кешендері) бекітілген қауіпті техникалық құрылғыларды (лифтілерді, эскалаторларды, фуникулерлерді) пайдаланатын ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 13.01.2015 N 4/1 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.02.2016 N 55/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша дамытудың негізгі бағыттары, проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      2) мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;

      3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      4) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан, лауазымды тұлғалардан белгіленген тәртіпте (келісім бойынша) ақпаратты сұрату және алу;

      5) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту болып табылады.

3. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар облысының әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары бар.

      25. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

      2) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      3) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттауды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      5) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның орынбасарларының бірі орындайды.

      26. Бірінші басшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

      27. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі меншік иесі табыс еткен мүлік есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылғанда несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады