Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" № 2/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 160/5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 3817 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңының 5-бабына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2013 жылғы 3 қаңтардағы "Ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни жораларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу туралы" № 2/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3402 болып тіркелген, 2013 жылғы 7 ақпандағы № 15 "Звезда Прииртышья", 2013 жылғы 7 ақпандағы № 15 "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының преамбуласындағы "4-тармақшасына" саны мен сөзі "7) тармақшасына" санымен және сөзімен ауыстырылсын.
      2. "Павлодар облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін атқарушы           Д. Тұрғанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады