"Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № 214/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде № 3895 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 29 қаңтардағы № 28/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 29.01.2018 № 28/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы "26" маусымдағы
№ 214/6 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы
басқармасы" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi Павлодар облысы аумағында сәулет және қала құрылысы қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкiлеттiк берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі, 153-үй.

      10. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде: "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi;

      орыс тілінде: государственное учреждение "Управление архитектуры и градостроительства Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкiмдiгi атынан "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасы"мемлекеттiк мекемесiнің
миссиясы, мақсаты, мәнi, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің миссиясы: сәулет-қала құрылысы кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру, мониторингiн жүргiзу, үйлестiру мәселелерiнде мемлекеттiк саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру.

      17. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мақсаттары:

      1) облыс аумағында сәулет және қала құрылысы қызметi саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру;

      2) сәулет және қала құрылысы саласындағы iс-шараларды облыстық деңгейде iске асыру;

      3) ландшафттар мен тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң сақталуына мониторинг жүргiзу жүйесiн ұйымдастыру;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн жүзеге асыруда облыс тұрғындарының қолайлы өмiр сүруiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жағдайлар жасау болып табылады.

      18. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мәні сәулет-қала құрылысы кешенiнiң жұмысын ұйымдастыру, мониторингiн жүргiзу, үйлестiру мәселелерiнде іс-шараларды облыстық деңгейде іске асыру болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Павлодар облысында сәулет және қала құрылысы қызметiн дамытудың облыстық саясатын әзiрлеу, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалуына мониторинг жүргiзудi және талдауды қамтамасыз ету;

      2) сәулет және қала құрылысы қызметi саласындағы басымдықтарды әзiрлеу;

      3) мемлекеттiк қызмет көрсету кезінде стандарттардың, сонымен қатар регламенттердiң сапасының сақталуын қамтамасыз ету.

      20. Функциялары:

      1) аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (облыстың аудандық жоспарлау жобасын немесе оның бөлiгiн), сондай-ақ Павлодар облысының аумағындағы елдi мекендердiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген бас жоспарларын iске асырудағы қызметтi үйлестiру;

      2) облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкiметiнің бекiтуіне ұсыну үшiн облыстық мәслихаттың қарауына енгiзу;

      3) Павлодар облысы аумағының қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарын әзiрлеуді ұйымдастыру және Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсыну;

      4) облыстық маңызы бар қаланың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешендi схемаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған облыстық маңызы бар қаланы дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекiтуіне ұсыну;

      5) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің аумақтық ережелерін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;

      6) аумақтарда құрылыс салудың, абаттандыру мен инженерлiк жағынан қамтамасыз етудiң аумақтық ережелерiн облыстық мәслихаттың бекiтуiне ұсыну;

      7) облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін жасыл екпелерді егу, күтіп-ұстау және қорғау ережелерін облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      8) жергілікті атқарушы органдардың қарауына құрылыстарды, ғимараттарды, имараттарды, инженерлiк және көлiк коммуникацияларын салу, кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтiру және күрделi жөндеу, сондай-ақ аумақты инженерлiк жағынан дайындау туралы ұсыныстар дайындау, сондай-ақ шешiмдер қабылдау;

      9) облыстың мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын жүргiзу;

      10) инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу және түзету жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру;

      11) сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік қызмет көрсетулер;

      12) жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына объектiлер мен кешендердi орналастыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      13) Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы ұйымдары қызметiнiң жағдайына талдау жүргiзу, оның белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;

      14) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшін мемлекеттiк органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

      15) Павлодар облысының әкiмдiгi мен әкiмi тапсырмаларын, актiлерiн орындау және орындауды ұйымдастыру;

      16) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу;

      17) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен қарастырылатын жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілері өкілеттіктерін, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдау;

      18) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызметтi өткеруге байланысты мәселелердi іске асыру;

      19) Алынып тасталды – Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 54/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру, жүргізу және жетілдіру;

      21) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнде ақпараттық ресурстар жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

      22) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Ескерту. 20 - тармаққа өзгерістер енгізілді Павлодар облыстық әкімдігінің 25.02.2016 № 54/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) облыс әкiмдiгi мен әкiмiнiң қарауына сәулет және қала құрылысы мәселелерiмен байланысты дамудың негiзгi бағыттары, мәселелердi жедел шешу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      2) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің алдына қойылған мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келiсiмі бойынша сұрату және алу;

      3) жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келiсiмi бойынша жұмысқа тарту;

      4) мемлекеттiк органдармен, кәсіпорындармен сәулет және қала құрылысы мәселелерi жөнiнде өзара іс-қимыл жасасу;

      5) мемлекеттiк органдарда, сотта "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүддесiн бiлдiру;

      6) өз құзыретi шегiнде шарттар, келiсiмдер жасасу.

3. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметiн ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облыс әкiмi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

      24. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметiне басшылық етедi;

      2) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң функциялары мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлерiн көтермелейдi, материалдық көмек көрсетедi, тәртiптiк шара қолданады;

      5) өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің барлық қызметкерлерi орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi;

      6) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелерiн, оның қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;

      7) меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және басқа ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің атынан өкiлдiк етедi;

      8) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылымын әзiрлеудi қамтамасыз етедi;

      9) "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi жұмысының келешектегi және ағымдағы жоспарларын бекiтедi;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.

4. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы
басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкi

      28. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi бар.

      "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк облыстық коммуналдық меншiкке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының сәулет және қала
құрылысы басқармасы"мемлекеттiк мекемесiн
қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      31. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi таратылған кезде, кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн қалған мүлiк облыстық коммуналдық меншiкте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады