Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 356/48 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 4257 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 04 шілдедегі N 48/6 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 04.07.2016 N 48/6 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педогогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 29-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 217 қаулысына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіру мөлшері 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар төлемі мүгедек баланы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы негізінде үйде оқыту қажет деп танылған кезден бастап бір жылға тағайындалады және тоқсан сайын төленеді.
      3. Мүгедек бала жасы 18 жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектікті алып тастағанда, тұрғылықты мекенжайын ауыстырғанда, материалдық қамтамасыздандыру төлеуді тоқтатуға себеп болған жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы И. Теренченко
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Желнов

О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре

Решение маслихата города Павлодара Павлодарской области от 24 декабря 2014 года № 356/48. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 января 2015 года № 4257. Утратило силу решением маслихата города Павлодара Павлодарской области от 04 июля 2016 года № 48/6 (вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Павлодара Павлодарской области от 04.07.2016 № 48/6 (вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями", пунктом 6 статьи 29 Закона Республики Казахстан от 13 апреля 2005 года "О социальной защите инвалидов в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 217 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты населения", Павлодарский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в городе Павлодаре в размере 6 (шесть) месячных расчетных показателей.
      2. Выплата возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану назначается на один год и выплачивается ежеквартально с момента признания необходимости обучения ребенка-инвалида на дому на основании заключения психолого-медико-педагогической консультации.
      3. При достижении ребенком-инвалидом возраста 18 лет, смерти ребенка-инвалида, снятия инвалидности, перемены места жительства, выплата материального обеспечения прекращается с месяца, следующего за месяцем, в котором наступили обстоятельства, влекущие прекращение выплаты.
      4. Контроль за выполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию городского маслихата по социальной политике.
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении 10 (десять) календарных дней после дня его первого опубликования.
      Председатель сессии И. Теренченко
      Секретарь городского маслихата М. Желнов