"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы"

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 1018/8 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 4217 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2016 жылғы 15 шілдедегі N 630/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 15.07.2016 N 630/7 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ 1018/8 қаулысымен
бекітілді

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.
      3. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Советов көшесі, 10-үй.
      10. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Аксу".
      12. Мемлекет Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі тұлғасында "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – өңірлік деңгейде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      17. Ақсу қаласының аумағында халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.
      18. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Ақсу қаласында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдермен қамтамасыз ету бойынша шараларды қалалық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.
      19. Міндеттері:
      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында жеке және заңды тұлғаларға сапалы және уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің жүйесін ұйымдастыру;
      2) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру;
      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау;
      4) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сапа, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
      5) ішкі еңбек нарығын қорғау;
      6) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту;
      7) өңірді жұмыссыздықтан қорғау бойынша әлеуметтік шараларды қамту, азаматтарды жұмыспен қамтуға және кәсіптік даярлауға жәрдемдесу;
      8) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамтамасыз ету.
      20. Функциялары:
      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру;
      2) еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыссыз азаматтардың біліктіліктерін ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастыру;
      3) азаматтарды жұмысқа орналасу мүмкіндігімен, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамту мүмкіндігімен ақпараттандыру;
      4) өңірдегі еңбек нарығының ахуалын талдап болжамдау, бос жұмыс орындары есебін жүргізу;
      5) өтінішпен жүгінген тұлғаларды қабылдау, есепке алу және тіркеуді жүргізу, кәсіптік бағдарлау бойынша тегін қызметтер көрсету;
      6) жұмыссыз азаматтарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жолдау;
      7) жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;
      8) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды іске асыру;
      9) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс туралы, өңірде жұмысқа орналасу және кәсіби бағдарлау мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдарды, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақына, тұрғын-үй көмегін, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді берумен байланысты материалдарды жариялау;
      10) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген (еңбек тылына қатысушылар, ақталған азаматтарға, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, жалданбалы құрамның тұлғаларына, Ленинград блокадасының тұрғындарына, Ұлы Отан соғысында қаза болған мүгедектердің жесірлеріне, кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, соғыс жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұлғаларға, ЧАЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға, басқа мемлекеттің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін есеп жүргізу;
      11) біржолғы өтемақы тағайындау үшін Семей ядролық полигонының салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мүгедектер санынан тұлғаларға құжаттарды тіркеп рәсімдеуді жүзеге асыру;
      12) кресло-арба, есту аппаратымен, тифлотехникамен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, санаторлық-курорттық емделуді қамтамасыз етілуге мұқтаж мүгедектердің, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін табысы аз азаматтардың арнаулы мемлекеттің жәрдемақыға құқығы бар азаматтардың есебін жүргізу;
      13) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін мүгедектердің, туберкулезбен ауыратын адамдардың, сондай-ақ басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққан адамдардың “деректер базасын” қалыптастырып, жүргізу;
      14) жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және тиісті әлеуметтік көмек алу үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың "деректер базасын" қалыптастырып, жүргізу;
      15) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру;
      16) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарындағы оқуына, сондай-ақ жолақыларына, тамақтануларына және жатып-тұруларына әлеуметтік көмек тағайындауды іске асыру;
      17) өзге мемлекеттерден көшіп келген оралмандардың (репатрианттардың) “деректер базасын” қалыптастырып жүргізу, оларды қабылдау, орналастыру және бейімдеу іс-шараларын атқару;
      18) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерімен бекітілген мемлекеттік қызметтерді аймақтық деңгейде көрсету;
      19) қала әкімдігі мен әкімінің қарауына мыналарды әзірлеп, енгізеді:
      халықтың нысаналы топтарын және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шараларды анықтау жөніндегі ұсыныстарды;
      қала аймағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындап өткізу бойынша ұсыныстарды;
      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын;
      20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген уәкілеттіктер шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды жедел шешу және дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;
      2) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелері жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдармен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен әрекеттесу;
      4) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесіне мемлекеттік органдарда, сотта мүдделерді қорғау;
      5) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасу.

3. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      24. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      25. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;
      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін кезметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
      6) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің Қағидалары мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;
      7) ведомстволық бағыныстағы ұйымның басшысымен кеңестер өткізеді;
      8) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;
      9) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді;
      11) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.
      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарының өкілеттіктерін белгілейді.
      27. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қалалық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      28. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен қалалық жергілікті атқарушы органы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      29. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      31. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік коммуналдық меншікте қалады.

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің "Нақты мекенжайы жоқ тұлғаларға арналған Ақсу қаласының әлеуметтік бейімделу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) "Павлодар облысы Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады