Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 03 қазандағы № 1131/10 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 қарашада № 4141 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 550/6 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 15.05.2015 № 550/6 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы міндетін атқарушының 2014 жылғы 5 маусымдағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 04-2-4/93 Бұйрығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "03" қазандағы
№ 1131/10 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің
қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Екібастұз қаласы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" № 327 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы міндетін атқарушының 2014 жылғы 5 маусымдағы "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" № 04-2-4/93 Бұйрығына сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу тәсілін айқындайды.
      2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын айқындау үшін жүргізіледі.
      3. Бағалау мемлекеттік әкімшілік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
      4. Қызметшілерді бағалау мыналардан:
      1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауы;
      2) айналмалы бағалау (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауы);
      3) қызметшінің қорытынды бағасынан тұрады.
      Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын тұлға болып табылады.
      5. Бағалау нәтижелері бойынша қызметшілер қызметіндегі кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар әзірленеді, олардың қызметіндегі жақсартуды қажет ететін бағыттар айқындалады, тағылымдамадан өткізу, ілгерілету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      6. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы "тиімді" деген баға алуы оны лауазымы бойынша көтеруге негіз болып табылады.
      7. Қызметшінің соңғы үш жыл бойы екі "қанағаттанарлықсыз" деген баға алуы оны аттестаттаудан өткізуге негіз болып табылады. Аттестаттаудан өткізу туралы шешім қабылдау кезінде алдыңғы аттестаттаудан өткізуге негіз болған бағалау нәтижелері ескерілмейді.
      8. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш қабылданған тұлғаға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
      9. Қызметшінің қорытынды бағасын Екібастұз қаласының әкімімен құрылған тұрақты жұмыс істейтін Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) бекітеді. Комиссия кемінде үш мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
      10. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Комиссия төрағасы Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы болып табылады.
      Комиссия хатшысы Екібастұз қаласы әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) қызметкері болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды.

2. Бағалау жүргізуге дайындық

      11. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасының келісімі бойынша бағалауды өткізу кестесін әзірлейді.
      1. Персоналды басқару қызметі бағаланатын қызметшіге, сондай-ақ осы Әдістеменің 4-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға бағалау жүргізілетіндігі туралы хабарлайды және оларға бағалау өткізуге дейін бір айдан кешіктірмей толтыру үшін бағалау парағын жібереді.

3. Тікелей басшының бағалауы

      12. Тікелей басшы осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағын персоналды басқару қызметінен алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде толтырады, қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстырады және екі жұмыс күні ішінде толтырылған бағалау парағын персоналды басқару қызметіне қайтарады.
      Қызметшіні толтырылған бағалау парағымен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы құжаттарды Комиссия отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi және тікелей басшы танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.

4. Айналмалы бағалау

      13. Айналмалы бағалау қызметшінің қарамағындағы адамдардың, ал қарамағындағы адамдар болмаған жағдайда – қызметші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшеде лауазымды атқаратын адамның (олар болған жағдайда) бағалауын білдіреді.
      Мұндай адамдардың тізбесін (үш адамнан аспайтын) қызметшінің лауазымдық міндеттері және қызметтік өзара әрекеттестігіне қарай персоналды басқару қызметі бағалау жүргізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей анықтайды.
      14. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалар осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда бағалау парағын толтырады.
      15. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалармен толтырылған бағалау парағы персоналды басқару қызметіне оларды алған күннен екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне жіберіледі.
      16. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауының орташа есебін жүргізеді.
      17. Осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың бағалауы жасырын түрде жүргізіледі.

5. Қызметшінің қорытынды бағасы

      18. Персоналды басқару қызметі қызметшінің қорытынды бағасын мына формула бойынша Комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
      a = b + c
      a – қызметшінің қорытынды бағасы,
      b – тікелей басшының бағасы,
      c – осы Әдістеменің 13-тармағында көрсетілген тұлғалардың орта бағасы.
      19. Қорытынды баға мына шкала бойынша қойылады:
      21 баллдан төмен – "қанағаттанарлықсыз",
      22-дан 33 балға дейін – "қанағаттанарлық",
      33 балдан жоғары – "тиімді".

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      20. Персоналды басқару қызметі осы Әдістеменің 11-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
      Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына мына құжаттарды:
      1) толтырылған тікелей басшының бағалау парағын;
      2) толтырылған айналмалы бағалау парағын;
      3) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
      4) осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қорытынды баға көрсетілген Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
      21. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және мына шешімдердің бірін шығарады:
      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті қысқаша түсіндірмемен бағаны түзетеді. Бұл ретте қызметшінің бағасын төмендетуге жол берілмейді.
      22. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң бес жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
      Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
      Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт жасайды.
      23. Бағалау нәтижелері қызметшінің қызметтер тізіміне енгізіледі.
      24. Осы Әдістеменің 20-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ Комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      25. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және бұзушылықтар анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
      27. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне береді.

  Екібастұз қаласы әкімдігі
атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
1-қосымша
нысан

Тікелей басшысының бағалау парағы

      Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________
      Бағаланатын қызметшінің лауазымы:_____________________________

р/c №
Өлшем
Көрсеткіштің мәні (саны)
Баға (балл)
 
1.
Бастамашылығы
2-ден 5-ке дейін
 
 
2.
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 8-ге дейін
 
 
3.
Әрекеттестікке икемділігі
2-ден 5-ке дейін
 
 
4.
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
БАРЛЫҒЫ (барлық бағалардың бағасы)
 
 
 
Таныстым:
Қызметші (Т.А.Ә.) __________
күні _______________________
қолы _______________________
Тікелей басшы (Т.А.Ә.) _____________
күні _______________________________
қолы _______________________________
 

  Екібастұз қаласы әкімдігі
атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
2-қосымша
нысан

Айналмалы бағалау парағы

       Бағаланатын қызметшінің Т.А.Ә.:_______________________________
       Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ____________________________

р/c №
Өлшем
Көрсеткіштің мәні
Баға (балл)
Бағынышты адам
1
Жұмысты жоспарлай алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Жұмысқа ынталандыру қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
3
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
Әріптесі
1
Топта жұмыс істей алу қабілеті
2-ден 5-ке дейін
 
2
Қызметтік этиканы сақтауы
2-ден 5-ке дейін
 
3
Лауазымды міндеттерін орындау сапасы
2-ден 5-ке дейін
 
 
Барлығы (барлық бағалардың бағасы)
 
 

  Екібастұз қаласы әкімдігі
атқарушы органдары "Б"
корпусы мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін жыл
сайынғы бағалау әдістемесіне
3-қосымша
нысан

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

       _______________________________________________
      (мемлекеттік органның атауы)

р/с№
Қызметшінің Т.А.Ә.
Тікелей басшының бағасы
Айналмалы баға
Қорытынды баға
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Комиссия қорытындысы:
       _____________________________________________________________________
       _____________________________________________________________________
       _____________________________________________________________________
       _____________________________________________________________________
       Тексерген:
       Комиссия хатшысы:_______________________ Күні: ________________
       (Т.А.Ә., қолы)
       Комиссия төрағасы:_______________________ Күні: ________________
       (Т.А.Ә., қолы)
       Комиссия мүшесі:_________________________ Күні: ________________
       (Т.А.Ә., қолы)

Об утверждении методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов акимата города Экибастуза

Постановление акимата города Экибастуза Павлодарской области от 03 октября 2014 года № 1131/10. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 06 ноября 2014 года № 4141. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 15 мая 2015 года № 550/6

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Экибастуза Павлодарской области от 15.05.2015 № 550/6.
      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 16 Закона Республики Казахстан от 23 июля 1999 года "О государственной службе", Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Приказом исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года № 04-2-4/93 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б", акимат города Экибастуза ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемую методику ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов акимата города Экибастуза.
      2. Контроль за исполнением данного постановления возложить на руководителя аппарата акима города Экибастуза.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.
      Аким города Экибастуза А. Вербняк

  Приложение
к постановлению акимата
города Экибастуза
от "03" октября 2014 года
№ 1131/10

Методика ежегодной оценки деятельности административных
государственных служащих корпуса "Б" исполнительных
органов акимата города Экибастуза

1. Общие положения

      1. Настоящая методика ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" исполнительных органов акимата города Экибастуза (далее - Методика) разработана в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения ежегодной оценки деятельности и аттестации административных государственных служащих", Приказом исполняющего обязанности Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 июня 2014 года № 04-2-4/93 "Об утверждении Типовой методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" и определяет методы ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее - служащие).
      2. Ежегодная оценка деятельности служащих (далее – оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.
      3. Оценка проводится по истечении каждого года пребывания на государственной службе, не позднее трех месяцев со дня его наступления, но не ранее шести месяцев со дня занятия данной должности.
      4. Оценка служащего складывается из:
      1) оценки непосредственного руководителя служащего;
      2) круговой оценки (оценки подчиненных или коллег служащего);
      3) итоговой оценки служащего.
      Непосредственным руководителем служащего является лицо, которому он подчиняется согласно своей должностной инструкции.
      5. По результатам оценки вырабатываются предложения по устранению недостатков в деятельности служащих, определяются направления их деятельности, требующие улучшения, вырабатываются предложения по карьерному продвижению и стажировке служащих.
      6. Получение служащим оценки "эффективно" в течение трех лет служит основанием для повышения его в должности.
      7. Получение служащим двух оценок "неудовлетворительно" в течение последних трех лет является основанием для проведения аттестации.
      При принятии решения о проведении аттестации не учитываются результаты оценки, которые являлись основанием для проведения предыдущей аттестации.
      8. Служащий, получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.
      9. Итоговая оценка служащего утверждается постоянно действующей Комиссией по оценке, которая создана акимом города Экибастуза (далее – Комиссия). Комиссия состоит не менее, чем из трех членов, в том числе председателя.
      10. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии является руководитель аппарата акима города Экибастуза.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом аппарата акима города Экибастуза (далее – служба управления персоналом). Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 4 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему.

2. Подготовка к проведению оценки

      11. Служба управления персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии.
      Служба управления персоналом уведомляет служащего, подлежащего оценке, а также лиц, указанных в подпунктах 1) и 2) пункта 4 настоящей Методики, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения не позднее одного месяца до ее проведения.

3. Оценка непосредственного руководителя

      12. Непосредственный руководитель заполняет оценочный лист по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике в течение трех рабочих дней со дня его получения от службы управления персоналом, ознакамливает служащего с заполненным оценочным листом и направляет заполненный оценочный лист в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней.
      Ознакомление служащего с заполненным оценочным листом осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии. В этом случае работником службы управления персоналом и непосредственным руководителем служащего в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

4. Круговая оценка

      13. Круговая оценка представляет собой оценки подчиненных служащего, а в случае отсутствия подчиненных – лиц, занимающих должности в структурном подразделении, в котором работает служащий (в случае их наличия).
      Перечень таких лиц (не более трех) определяется службой управления персоналом не позднее одного месяца до проведения оценки, исходя из должностных обязанностей и служебных взаимодействий служащего.
      14. Лица, указанные в пункте 13 настоящей Методики, заполняют оценочный лист по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.
      15. Оценочные листы, заполненные лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, направляются в службу управления персоналом в течение двух рабочих дней со дня их получения от службы управления персоналом.
      16. Служба управления персоналом осуществляет расчет средней оценки лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      17. Оценка лицами, указанными в пункте 13 настоящей Методики, осуществляется на анонимной основе.

5. Итоговая оценка служащего

      18. Итоговая оценка служащего вычисляется службой управления персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по следующей формуле:

            a = b + c

      где a – итоговая оценка служащего,
      b – оценка непосредственного руководителя,
      c – средняя оценка лиц, указанных в пункте 13 настоящей Методики.
      19. Итоговая оценка выставляется по следующей шкале:
      менее 21 балла – "неудовлетворительно",
      от 22 до 33 баллов – "удовлетворительно",
      выше 33 баллов – "эффективно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      20. Служба управления персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, указанным в пункте 11 настоящей Методики.
      Служба управления персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:
      1) заполненный оценочный лист непосредственного руководителя;
      2) заполненный лист круговой оценки;
      3) должностная инструкция служащего;
      4) проект протокола заседания Комиссии с указанием итоговой оценки по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.
      21. Комиссия рассматривает результаты оценки и принимает одно из следующих решений:
      1) утвердить результаты оценки;
      2) пересмотреть результаты оценки.
      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим кратким пояснением в протоколе. При этом не допускается снижение оценки служащего.
      22. Служба управления персоналом ознакамливает служащего с результатами оценки в течение пяти рабочих дней со дня ее завершения.
      Ознакомление служащего с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.
      Отказ служащего от ознакомления не может служить препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником службы управления персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.
      23. Результаты оценки вносятся в послужные списки служащих.
      24. Документы, указанные в пункте 20 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в службе управления персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      25. Обжалование решения Комиссии служащим в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.
      26. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.
      27. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

  Приложение 1
к методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" исполнительных
органов акимата
города Экибастуза
форма

Оценочный лист непосредственного руководителя

      Ф.И.О. оцениваемого служащего: _______________________________
      Должность оцениваемого служащего: ____________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
1.
Инициативность
от 2 до 5
 
2.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 8
 
3.
Способность к сотрудничеству
от 2 до 5
 
4.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
ИТОГО (сумма всех оценок):
 
 

      

Ознакомлен(а):
Служащий (Ф.И.О.) ___________
дата ________________________
подпись _____________________
Непосредственный руководитель (Ф.И.О.)
______________________________________
дата _________________________________
подпись ______________________________

  Приложение 2
к методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" исполнительных
органов акимата
города Экибастуза
форма

Лист круговой оценки

      Ф.И.О. оцениваемого служащего:_________________________________
      Должность оцениваемого служащего: _____________________________

№ п/п
Критерий
Значение показателя
Оценка (баллы)
Подчиненный
1.
Умение планировать работу
от 2 до 5
 
2.
Умение мотивировать к работе
от 2 до 5
 
3.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
Коллега
1.
Умение работать в команде
от 2 до 5
 
2.
Соблюдение служебной этики
от 2 до 5
 
3.
Качество исполнения должностных обязанностей
от 2 до 5
 
 
Итого (сумма всех оценок)
 
 

  Приложение 3
к методике ежегодной оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" исполнительных
органов акимата
города Экибастуза
форма

Протокол заседания Комиссии по оценке

      _________________________________________
      (наименование государственного органа)

№ п/п
Ф.И.О. служащего
Оценка непосредственного руководителя
Круговая оценка
Итоговая оценка
1
 
 
 
 

 
 
 
 

      Заключение Комиссии:
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________
      Проверено:
      Секретарь Комиссии:____________________ Дата: _________________
      (Ф.И.О., подпись)
      Председатель Комиссии:_____________________ Дата: _____________
      (Ф.И.О., подпись)
      Член Комиссии:__________________________ Дата: ________________
      (Ф.И.О., подпись)