"Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 341 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 ақпанда № 4302 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 20.06.2017 № 145 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Мемлекеттік органының Үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

      2. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы
әкімдігінің 2014 жылғы
"31" желтоқсандағы
№ 341 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене
шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.

      3. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органарында шоттары болады.

      5. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" комуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Алин көшесі, 97.

      10. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, коммунальное государственное учреждение "Отдел культуры, развития языков, физической культуры и спорта Актогайского района".

      11. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі жұмыс тәртібі ережелерімен белгіленеді және ол Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеу керек.

      "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: бес күндік жұмыс аптасы сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      12. Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің
мәні, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      17. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақтоғай ауданында мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және жалпы дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      18. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінің мәні аудандық деңгейде мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) мәдени-демалыс жұмысы, театр және музыка өнері, кітапхана және мұражай ісі ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін қолдау және үйлестіру жолымен аудан аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраны, рухани дәстүрлердің жандандыру, сақтау, дамыту және таратуын қамтамасыз ету;

      3) мемлекеттік тілді және ауданда тұратын халықтардың тілдерін дамыту саласындағы саясатты жүргізу;

      4) Ақтоғай ауданында бұқаралық спорт және ұлттық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;

      5) ауданның халықтың саламатты өмір салтын насихаттау және қалыптастыру бойынша практикалық шараларды іске асыру;

      6) материалдық–техникалық базаны дамыту және нығайту.

      20. Функциялары:

      1) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

      2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестиваль мен конкурстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелердің өткізуін жүзеге асырады;

      3) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      4) мемлекеттік тілдің жаппай қолдануына бағытталған шараларды қабылдайды;

      5) мемлекеттік және өзге де тілдерді дамытуға бағытталған аудандық маңызы бар іс-шараларды өткізеді;

      6) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

      7) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

      8) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;

      11) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғаммен тұрақты байланысты орнатады.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) аудан әкімдігі атқарушы органдары мен өзге де ұйымдарының мәдениет және тіл саясат саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша қызметін үйлестіру;

      2) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруға мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      5) "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

      "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      24. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      25. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      6) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      8) "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      13) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" комуналдық мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының қарым-қатынасы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

      27. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" комуналдық мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      28. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" комуналдық мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру
және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      30. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене
шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемеі қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің қысқартылған (таратылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

"Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене
шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      35. "Ақтоғай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:

      1) "Ақтоғай ауданы әкімдігі, Ақтоғай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мәдениет, халық шығармашылығы және ойын-сауық үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;

      2) "Орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі;

      3) "Ақтоғай ауданының балалар мен жас өспірімдердің спорт мектебі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады