Байланыс формасы

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы N 124-28-5 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 сәуірде N 3753 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 2016 жылғы 20 сәуірдегі N 12-3-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 20.04.2016 N 12-3-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-, 16-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" N 504 қаулысына сәйкес, мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, Ертіс аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 169-32-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ертіс аудандық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Ж. Беспаев
      Ертіс аудандық
      мәслихатының хатшысы Ж. Беспаев

  Ертіс аудандық мәслихатының
(V сайланған, XXVIII
кезектен тыс сессиясы)
2014 жылғы 13 наурыздағы
N 124-28-5 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ертіс ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы N 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ертіс ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Ертіс ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      9) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы" (бұдан әрі – МЗТО) Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Павлодар облысының зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы филиалының Ертіс аудандық бөлімшесі;
      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Ертіс ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек деген өкілетті органмен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондайақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай және заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 169-32-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта бір рет) көрсетіледі.
      6. Жекеленіп алынған санаттағы алушыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі Ертіс ауданы әкімдігінің ұсынымы бойынша белгіленді:
      1) атаулы күндер:
      Халықаралық егде адамдар күні – 1 қазан;
      Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні – қазан айының 2-ші жексенбісі;
      2) мереке күндері:
      Жеңіс Күні – 9 мамыр;
      Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 169-32-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысы әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
      Арнайы және учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережелерді орталық атқарушы орган бекітеді.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі белгілейді және Ертіс ауданы мәслихатының шешімімен бекітіледі.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) Ертіс ауданы мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.
      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін Ертіс ауданының мәслихаты бекітеді.
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде Ертіс ауданының мәслихаты бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.
      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Павлодар облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей МЗТО не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Ертіс ауданы әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      12. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округінің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
      6) екінші деңгейдегі банктегі немесе банктік операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарындағы жеке шот нөмірін ұсынады.
      13. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округінің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы учаскелік комиссияның қорытындысын дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса беріліп отырған құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 16 және 17-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыс бойынша белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ертіс ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті
тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болған;
      2) алушы Ертіс ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
оның мөлшерлерін белгілеудің
және Ертіс ауданының мұқтаж
азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларына
қосымша

Алушылар санатының тізбесі мен
әлеуметтік көмектің шекті мөлшері

      1. Мынадай санаттағы азаматтардың әлеуметтік көмек алуға құқығы бар:
      1) Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі - ҰОС) қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан ҰОС қатысушыларға теңестірілген адамдар, атап айтқанда:
      қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар;
      екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
      1986 - 1987, 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электрстансасы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғалар;
      Ауғанстандағы және басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар (бұдан әрі - ұрыс қимылдарына қатысушылар), Ауғанстанның ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған қызметшілердің отбасылары;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары, атап айтқанда:
      қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған зайып (жұбай);
      ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар;
      4) 1941 жылғы 22 маусымынан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде алты ай жұмыс істеген және ҰОС жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрыңғы КСР Одағының ордендері мен медальдерімен наградталмаған адамдар;
      5) зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар, атап айтқанда:
      ең аз мөлшердегі зейнетақы тағайындалған зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар;
      ең аз мөлшердегі зейнетақы және жәрдемақы тағайындалған сексен жастағы және одан асқан азаматтар;
      6) мүгедектер, атап айтқанда:
      бірінші және екінші топтардағы мүгедектер;
      он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек әйелдер (ерлер);
      мүгедек балаларды үйде тәрбиелейтін және оқытатын отбасылар;
      7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар аз қамтылған көпбалалы аналар;
      8) аз қамтылған отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорынсыз қалған, аудан әкімі гранты бойынша жоғары оқу орындарына түскен жалпы білім беретін мектептердің түлектері;
      9) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:
      уәкілетті органның есебінде тұратын жұмыссыз азаматтар;
      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      табиғи зілзаланың немесе өрт салдарынан олардың мүліктеріне түскен зияннан төтенше жағдайға тап болған азаматтар;
      жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған он екі аптаға дейін мерзімдегі жүкті әйелдер, барлық жүктілік мерзіміне;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - МАӘК) алушылар және он сегіз жасқа дейінгі балаларға балалар жәрдемақысын алушылар ішінен отбасылар;
      қолдан тамақтандырылатын бір жасқа дейінгі балалардың тамағына, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар;
      10) әлеуметтік маңызы бар ауруларына шалдыққан азаматтар, атап айтқанда:
      онкология ауруларынан азап шеккен тұлғалар;
      адамның иммун тапшылығы вирусына шалдыққан тұлғалар;
      туберкулездің әртүрлі формаларына шалдыққан тұлғалар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 30.07.2014 N 142-31-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2014 N 169-32-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
      2. Табыстарды санамағанда әлеуметтік көмек ұсынылады:
      көрсетілген санаттар үшін біржолғы:
      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш негізінде, шығын сметасына және алушының мәртебесін растайтын құжаттарға сәйкес Жеңістің 70-жылдығына тұрғын үйлерін күрделі жөндеуге, бірақ 324 айлық есептік көрсеткіштер (бұдан әрі - АЕК) мөлшерінен артық емес;
      осы Тізбенің 1-тармағының 10) тармақшасында, 7 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің үшінші абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, 5 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің алтыншы абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, өнімді ірі қара малды сатып алуға 70 АЕК дейін мөлшерінде;
      осы Тізбенің алтыншы абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, балаларды мектепке даярлау үшін бір балаға 5 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің екінші абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, еңбек оңтайландырудан өту кезеңіне 30 АЕК артық емес мөлшерінде;
      осы Тізбенің төртінші абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, 60 АЕК дейін мөлшерінде;
      осы Тізбенің екінші абзацта 1-тармағының 6) тармақшасында, азық-түлік жиынтығына ең төмен күнкөріс деңгейінен кем емес мөлшерінде;
      ай сайын көрсетілген санаттар үшін:
      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында ауыл немесе ауылдық округінің әкімімен ұсынылған мәліметтер негізінде, дәрі-дәрмек алуға 1 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің 1-тармағының 1) тармақшасында, өтініш жасаған айдан бастап, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 5 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің төртінші абзацта 1-тармағының 10) тармақшасында, амбулаторлық емдеуді өту кезеңіне алты ай аралығында жақсартылған тамаққа 6 АЕК мөлшерінде.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 169-32-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Әлеуметтік көмек табысы есебімен облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар тұлғаларға ұсынылады:
      осы Тізбенің жетінші абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін, ай сайын 2 АЕК мөлшерінде;
      көрсетілген санаттар үшін біржолғы:
      осы Тізбенің 1- тармағының 9) тармақшасының бесінші абзацында, 9 АЕК дейін мөлшерінде, сондай-ақ ұсынылған жол жүру құжаттарына сәйкес медициналық мекемемен берілген жолдама негізінде, тексерілу және/немесе кеңес алу үшін тұрғылықты мекенжайынан Ертіс ауылына және/немесе Павлодар қаласына дейін және кері қайту жолына жол жүру шығындарын төлеуге;
      осы Тізбенің екінші абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, уәкілетті органда қайтыс болған кезінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған, зейнеткерлік жасқа жақындаған (әйелдер елу жеті жастан аса, ер адамдар алпыс жастан аса) азаматтардың жерлеуіне 15 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің алтыншы абзацта 1-тармағының 9) тармақшасында, азық-түлік жиынтығына ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем емес.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ертіс аудандық мәслихатының 29.10.2014 N 169-32-5 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Табыстарды санамағанда тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілген санаттар үшін ұсынылады:
      Осы Тізбенің төртінші абзацта 1-тармағының 6) тармақшасында, өтініш жасаған айынан бастап 6 АЕК мөлшерінде тағайындалып төленеді.
      осы Тізбенің екінші абзацта 1-тармағының 5) тармақшасында, өтініш берген айынан бастап тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге 3 АЕК мөлшерінде;
      осы Тізбенің екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтарда 1-тармағының 2) тармақшасында, 3,6 АЕК мөлшерінде.
      5. Уәкілетті орган осы Тізбенің 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін ең аз күнкөріс деңгейі мөлшерінен аспайтын табысы бар тұлғаларға, білім беру қызметтерін көрсетуге аудан әкімінің, жоғары оқу орынның басшысының және студенттің (төлемақы зерттеу-емтихандық сессияның болымды нәтижелері бойынша жартыжылдықта бір рет жүргізіледі) қолдары қойылған үш жақты келісім-шарт негізінде, сонымен қатар жоғары оқу орындарында оқу мерзімі кезеңіне тұру, тамақтану және мекенжайына бару үшін ай сайын 15 235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады