Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы N 1/110 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 наурызда N 1022 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес арнайы комиссия туралы Ереже бекітілсін.
      2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                А. Есімов

Енгізуші:

Алматы қалалық Жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасының басшысы                       Ә. Құлмаханов

Келісілді:

Алматы қаласы әкімінің
орынбасары                                  Ю. Ильин

Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы                       А. Қасымова

Алматы қаласы әкiмдігінiң
2014 жылғы "17" ақпандағы
№ 1/110 қаулысымен бекітілді

Арнайы комиссия туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы арнайы комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайды.
      2. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) уәкілетті орган – «Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма);
      2) уәкілетті органның аудандық бөлімдері – әлеуметтік көмек көрсететін Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдері (бұдан әрі – аудандық бөлімдер);
      3) арнайы комиссия (бұдан әрі - Комиссия) – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Алматы қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия.
      3. Комиссия Алматы қаласында тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган болып табылады. Комиссия өз жұмысын ашықтық, жариялылық, алқалылық және әділдік қағидаларында ұйымдастырады.
      4. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      5. Комиссияның қызметін бақылауды Алматы қаласы әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары жүзеге асырады.

2. Комиссияның міндеттері мен функциялары

      6. Комиссияның негізгі міндеті жергілікті өкілді орган бекітетін азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесіне сәйкес азаматтардың әлеуметтік көмекке мұқтаждығын және өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін айқындау болып табылады.
      7. Комиссияның негізгі функциясы әрбір жекелеген жағдайда әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсете отырып, Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығару болып табылады.

3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      8. Комиссия өз қызметін өтеусіз негізде жүзеге асырады.
      9. Комиссияның құрамына жергілікті атқарушы органдардың мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде ұйымдардың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау уәкілетті органдарының өкілдері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері кіреді.
      Комиссия төрағадан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссияның жалпы құрамы жеті адамнан кем болмауға тиіс.
      10. Алматы қаласы әкімінің әлеуметтік қорғау мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Төраға болып табылады.
      Төраға Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және Комиссияға осы Ережеде жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
      11. Басқарма Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
      Комиссия хатшысының міндеті осы Басқарманың маманына жүктеледі.
      12. Комиссия Басқармадан құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және ашық дауыс беру арқылы әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттігі туралы шешім шығарады.
      13. Комиссияның шешімдері оның құрамының жалпы санының үштен екісі қолдағанда заңды болады.
      14. Комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып саналады.
      15. Комиссия қабылдаған шешім қорытынды нысанында ресімделеді және осы Ереженің 12 тармағында көрсетілген мерзімде аудандық бөлімге беріледі.
      Оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшері көрсетіледі.
      16. Комиссия әлеуметтік көмек мөлшерін айқындау кезінде Алматы қаласының мәслихаты бекіткен әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын басшылыққа алады.

Арнайы комиссия туралы Ережеге
қосымша

      Ескерту. Қосымша жана редакцияда - Алматы қаласы әкімдігінің 11.03.2016 № 1/86 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Aрнайы комиссияның қорытындысы

20___ ж. _____ _______ № _____

      Aрнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген келесі адамдардың (отбасылардың)

№ п/п Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Учаскелік комиссия қорытындысының №









өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
әлеуметтік көмек ұсыну ____________________________________________
                         (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)
Әлеуметтік көмектің мөлшері _________________________________теңге.
                                  (сомасын жазу)

Комиссия төрағасы: __________________ _____________________________
Комиссия мүшелері: __________________ _____________________________
                ___________________ _______________________________
                ___________________ _______________________________
                ___________________ _______________________________
                ___________________ _______________________________
                ___________________ _______________________________
                     (қолдары)                   (Т.A.Ә.)

Қорытынды
қоса берілген құжаттармен __ данада
20__ж. «__»___ қабылданды.

Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.A.Ә., лауазымы,

қолы _______________________________________________________________

Орындаған: ________ __________________
            (қолы)         (Т.A.Ә.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады