2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVІ сессиясының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 218 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 мамырда N 1043 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 218 шешімімен. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 316 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 17.03.2015 №  316 шешімімен (жарияланғаннан кейін 10 күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 38-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 487-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2..V.сайланған Алматы қаласы мәслихатының XVI сессиясының 2013 жылғы 22 мамырдағы № 118 «2013 жылға арналған Алматы қаласы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 984 нөмірімен енгізілген, «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2013 жылғы 4 шілдеде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы С.А..Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      ХХVI сессиясының төрағасы,
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

Келісілді:

Алматы қаласы
әкімінің орынбасары                           Е. Шорманов
Алматы қаласы бойынша
Салық департаментінің басшысы                 Ж. Инкербаев
Алматы қаласы Табиғи
ресурстар және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасының басшысы                  А. Рахимбетов
Алматы қаласы Қаржы
басқармасының басшысы                         А. Әбдіқадырова
Алматы қаласы Экономика
және бюджеттік жоспарлау
басқармасының басшысы                         С. Қабдолов
Алматы қаласы әкімі
аппараты заң бөлімінің
басшысы                                       А. Қасымова

V сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
      XXVI сессиясының
2014 жылғы 24 cәуірдегі № 218
шешіміне қосымша

2014 жылға арналған Алматы қаласы бойынша
жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалану
үшін төлемақы ставкалары

Арнайы су пайдалану түрі

Өзендер, көлдер, теңіз-
дердің бассейн-
дері

Тұрғын үй пайда-
лану және
комму-
налдық
қызмет-
тер,
(тиын/
1 текше м.)

Өнеркәсіп,
жылу
энерге-
тикасын
қосқан-
да,
(тиын/
1 текше м.)

Ауыл
шаруа-
шылығы
(тиын/
1 текше м.)

Су көзде-
рінен
су
алуды
жүзеге
асыра-
тын
тоған
шаруа-
шылық-
тары,
(тиын/
1 текше м.)

Балық шаруашы-
лығы,
су
көздері-
нен
балық
аулайтын
тұтынушы-
лар,
(тиын/
килограмм)

Гидро-
энерге-
тика,
(тиын/
1кВт. сағат)

Су көлігі,
(тиын/
т. шақы-
рым)

Балқаш және Алакөл көлдерінің және өзендердің алаптары



84



232



66



64



165



25



7

      ХХVI сессиясының төрағасы,
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы                    Т. Мұқашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады