"Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 тамыздағы N 3/684 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қыркүйекте N 1083 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңдарына және "Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару базалық құрылымын бекiту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі оған "Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Күші жойылды – Алматы қаласы әкімдігінің 08.10.2018 № 4/460 қаулысымен;

      2) өткізу актісі бекітілсін.

      Ескерту. Екінші тармаққа өзгерістер енгізілді – Алматы қаласының әкімдігінің 08.10.2018 № 4/460 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) қайта құрылуына байланысты Алматы қаласының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуден өтсін;

      2) осы қаулының интернет-ресурста орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті іс-шараларды жүргізсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі

А. Есімов


  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "18" тамыздағы
№ 3/684 қаулысымен бекітілді

"Алматы қаласы Білім басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Екінші тармаққа өзгерістер енгізілді – Алматы қаласының әкімдігінің 08.10.2018 № 4/460 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "09" қыркүйектегі
№ 3/684 қаулысымен бекітілді

ӨТКІЗУ АКТІСІ

      Қайта құрылуына байланысты Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық мүліктік құқықтары мен міндеттері "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беріледі.

      Активтер – 4 801 652,50 теңге

      "Алматы қаласы Білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады