V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 290 шешімі. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 5 қаңтарда № 1117 болып тіркелді. Күші жойылды- Алматы қаласы мәслихатының 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 32 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Алматы қаласы мәслихатының 16.09.2016 № 32 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты
      ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХІ сессиясының 2013 жылғы 28 қарашадағы № 183 "Әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1016 тіркелген, 2013 жылғы 21 желтоқсанда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасында:
      3 тараудың тақырыбындағы "ай сайынғы" деген сөздер "мерзімді" деген сөзімен ауыстырылсын;
      3 тараудың 7 тармағындағы "ай сайын 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі" деген сөздер "жыл сайын тағайындалып, жарты жылда бір рет 6 (алты) айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді" деген сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Н. Мулюковаға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге (келісім бойынша) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
      V сайланған
      Алматы қаласы мәслихатының
      ХХХІV сессиясының төрағасы С. Пірәлиев
      V сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады