Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы N 471 қаулысы, Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы N 31/7 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда N 3070 тіркелді‏

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабына және 11-бабының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аудандық өкілетті және атқарушы органдар ойын ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныс аударған Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық бірлігі таратылсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық атқарушы органдары таратылған әкімшілік-аумақтық бірліктерді деректер есебінен шығаруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Солтүстік Қазақстан облысының
      әкімі

Е. Сұлтанов

      Солтүстік Қазақстан
      облысы мәслихаты
      ХХХІ сессиясының төрағасы

Е. Мәмбетов

      Солтүстік Қазақстан облысы
      мәслихатының хатшысы

Қ. Едіресов


Бірлескен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы "12" желтоқсандағы № 471 қаулысына және Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы "12" желтоқсандағы № 31/7 шешіміне қосымша

Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныс аударған, Солтүстік Қазақстан облысының таратылған әкімшілік-аумақтық бірлігінің тізбесі
 

Реттік №
 

Аудандардың атауы
 

Ауылдық округтер атауы
 

Барлық тұрғындары көшіп кеткен немесе қоныстанған, әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы
 

1
 

Айыртау
 

Казан
 

Грачевка
 

2
 

Айыртау
 

Гусаков
 

Малосергеевка
 

3
 

Айыртау
 

Қаратал
 

Сарыөзек
 

4
 

Айыртау
 

Антонов
 

Тереңкөл
 

5
 

Айыртау
 

Сырымбет
 

Юдинка
 

6
 

Есіл
 

Яснов
 

Карабеловка
 

7
 

Тайынша
 

Теңдік
 

Бірлік
 

8
 

Тайынша
 

Теңдік
 

Көзашар
 

9
 

Тайынша
 

Большеизюмов
 

Кеңес
 

10
 

Мамлют
 

Станов
 

Пробуждение
 

11
 

Мамлют
 

Станов
 

Аялдау стансасы 2574 км
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады