2015 жылғы қаңтар-наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан аумағында Қазақстан Республикасының жынысы ер азаматтарын әскерге шақыруды және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық әкімінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 23 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 желтоқсанда N 3025 болып тіркелді

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі ШЕШТІ:
      1. 2015 жылғы қаңтар - наурыз аралығында «Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының тіркеу жылы он жеті жасқа толатын, жынысы ер азаматтарын әскерге шақыру және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрлігі
      «Солтүстік Қазақстан облысы
      Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның
      Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      2014 жылғы 2 желтоқсан

В. Дудов
 
 
 
 
 
 
 
Қ. Омаров
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады