"Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 26/157 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 36/223 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қазанда N 2970 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 19 қазандағы N 45/286 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 19.10.2015 N 45/286 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді).
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 26/157 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2561 нөмірімен 2014 жылғы 7 наурызда "Есіл Таңы" және "Ишим" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 6 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің, сондай-ақ көмек алушылар санаттарының әлеуметтік көмек еселігі мен мөлшері осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес белгіленеді. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек, осы Қағиданың 1 қосымшасында көрсетілген санаттарының бірімен көрсетіледі.";
      Көрсетілген шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында 8 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "8. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес Есіл ауданы әкімдігімен белгіленеді және Есіл аудандық маслихатының шешімімен бекітіледі.
      Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихатымен белгіленетін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
      4) Қазақстан Республикасы аумағы бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін, сонымен қатар Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кепілдік пен жеңілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар, Семей ядролық полигоны аумағында зардап шеккен тұлғаларды госпитальға салу қажеттілігі.
      5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тіс салудың және санаторлы-курорттық емделудің қажеттілігі;
      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді органдар бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздемелер тізбесін басшылыққа алады.";
      Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 1-қосымша осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына 2-қосымша осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты
сессиясының төрағасы
О. Қоңқабаев
      Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
хатшысы
Т. Мұқашев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е. Сұлтанов
      25 қыркүйек 2014 жыл
      

  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 36/223 шешіміне 1 қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 1-қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ алушылардың санаттары шегінде әлеуметтік көмектің еселігі және мөлшері

р/с

Алушылар санаттары
Айлық есептік көрсеткіште әлеуметтік көмек еселігі және мөлшері
15 ақпан - Ауған аумағынан әскерді шығару күні
1
Бұрынғы КСР Одағы үкімет органдарының шешімдеріне сәйкесбасқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде);жаттығу жиындарына шақырылып,ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер
жылына бір рет,
15
2
Бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты,сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер
жылына бір рет,
15
3
Басқа елдерде қимыл әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер
жылына бір рет,
15
4
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы
жылына бір рет,
15
5
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүріп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жіберілген жұмысшылар мен қызметшілер
жылына бір рет,
15
6
Бұрынғы КСР Одағы Мемлекет қауіпсіздігі комитетінің Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерінің шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшілері
жылына бір рет,
15
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні
7
"Алтын алқаман", "Күміс алқамен", I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған немесе "Ардақты ана" атағын алған көп балалы аналар
жылына бір рет,
5
26 сәуір - Чернобыль атом электростансасындағы апатты еске алу күні
8
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростансасындағы апаттың, сондай –ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар.
жылына бір рет,
15
9
Чернобыль атом электростансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радияциялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары.
жылына бір рет,
15
10
Чернобыль атом электростансасындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасы.
жылына бір рет,
15
11
Чернобыль атом электростансасындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радияциялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасы.
жылына бір рет,
15
12
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростансасындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда.
жылына бір рет,
15
9 мамыр - Жеңіс күні
13
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
жылына бір рет,
100
14
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелді қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және қатардағы құрамының адамдары.
жылына бір рет,
5
15
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелген қалаларда болған адамдар.
жылына бір рет,
5
16
Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болғандар.
жылына бір рет,
5
17
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар.
жылына бір рет,
5
18
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Барлық өнеркәсібі халық комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері.
жылына бір рет,
5
19
Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" меделімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтар.
жылына бір рет,
5
20
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары.
жылына бір рет,
5
21
Әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар.
жылына бір рет,
5
22
1944 жылдың 1 қаңтарында 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Белорус ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар.
жылына бір рет,
5
23
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, әуе қорғанысының объектілерді өзін-өзі қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасы.
жылына бір рет,
5
24
Қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығуының, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері).
жылына бір рет,
5
25
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған адамдар.
жылына бір рет,
25
7 мамыр - Отанды қорғау күні
26
Бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігінде, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарына әскери міндетін өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасы.
жылына бір рет,
5
27
Бейбіт уақытта әскери қызметін өтеу кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасы.
жылына бір рет,
5
31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні
28
Бұрынғы КСР Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіннен тікелей зардап шеккет және қазіргі кезде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар.
жылына
бір рет,
15
30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
29
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың, қаланың (ауданның) құрметті азаматтары.
жылына бір рет,
10

 
  Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 36/223 шешіміне 2 қосымша
  Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларына 2-қосымша

Алушылар санатының тізбесі, әлеуметтік көмектің шекті шамасы, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері

р/с

Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайлары туындаған кезде, әлеуметтік көмек алушылар санаттары
Табиға зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайлары туындаған кезде, әлеуметтік көмектің шекті шамасы
Табиға зілзаланың немесе өрттің салдарынан қиын өмір жағдайлары туындаған кезде, әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімі
1
2
3
4
 
Жетімдік, ата-ананың қамқорлығынсыз қалу,кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлық, үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінің шектелуі, дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы, әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі,
жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездік,баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар), бас бостандығынан айыру орындарынан босау, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде болу
10-нан көп емес төменгі есептік көрсеткіш
Қиын жағдай туындаған кезден 6 ай уақыт ішінде
2
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен Есіл ауданы аумағында тұратын азаматтар, табыс ескерілмейді
57-ден көп емес төменгі есептік көрсеткіш
Қиын жағдай туындаған кезден 6 ай уақыт ішінде
3
Әлеуметтік маңызы бар аурумен ауыратын (түберкүлез ауруының ауыр түрімен ауыратын тұлғалар), Есіл ауданы аумағында тұратын азаматтар, табыс ескерілмейді
5 төменгі есептік көрсеткіш
Қиын жағдай туындаған кезден 3 ай уақыт ішінде
4
Солтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан күндізгі оқу түрінде, жоғарғы кәсіби білім беру органдарында балаларды оқыту үшін жан басына шаққандағы табысы белгіленген шектен аспайтын аз қамтылған отбасылар, күнкөріс шамасынан төмен тұтас отбасының табысы барлар
86-дан көп емес төменгі есептік көрсеткіш, жылына бір рет
Оқу жылының басынан

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады