2014 жылы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсеп кешен саласы мамандарына тұрғын үй сатып алунемесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау ұсыну туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы N 26/3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 сәуірде N 2696 болып тіркелді

      «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидасын бекіту туралы» 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидасының 2-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақтан облысы Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Жамбыл аудандық әкімі мәлімдеген қажеттілікті есепке ала отырып, 2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарына берілсін:
      1) өтініш берген сәтте жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – өтініш берген сәтте бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
      2. Осы шешімнің 1 тармағы ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына қолданылады.
      3. «Солтүстік Қазақстан Жамбыл ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті орган ретінде, осы шешімнің жүзеге асырылуына шаралар қолдансын.
      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қарым-қатынастарға таратылады.

      Жамбыл аудандық
      мәслихаттың кезекті
      ХХVІ сессиясының төрағасы                  А. Сұрағанов

      Жамбыл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Б. Мұсабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады