Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі N 231 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 шілдеде N 2880 болып тіркелді. Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы əкімдігінің 2 тамыз 2019 жыл № 194 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы əкімдігінің 02.08.2019 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 3)-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлері мен мөлшерлері қосымшаға сәйкес анықталсын.

      2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың қоса берілген қағидасы бекітілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің орынбасары Ж.Т. Есдәулетовке жүктелсін.

      4.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

Қ. Пішенбаев

КЕЛІСІЛДІ




"Солтүстік Қазақстан облысының


ішкі істер департаменті


Мағжан Жұмабаев ауданының


Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы

М.Қ. Нұрпейісов


  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 231 қаулысына қосымша

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтаудың түрлерi мен мөлшерлерi

      1. Аудан әкімінің Құрмет грамотасы.

      2. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

      3. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 231 қаулысымен бекітілген

Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды мадақтау қағидасы

      Осы Қағида қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу тәртібін айқындайды.

      1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға "Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi Мағжан Жұмабаев ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ) енгiзедi.

      3. Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      4. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      5. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ бастығының бұйрығы шығарылады.

      6. СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      7. Көтермелеулердi төлеуге қаражат облыстық бюджетте, Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті 252 003 "Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу" бюджеттiк бағдарламасымен көзделедi.

      8. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi СҚО IIД Мағжан Жұмабаев ауданының ІІБ салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады