2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейiн Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тiркеуiн және медициналық куәландырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 35 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда N 3013 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 2015 жылғы 13 шілдедегі N 11.1.2-9/897 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімі аппаратының 13.07.2015 N 11.1.2-9/897 хаты).
      "Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16-бабына, "Әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмi ШЕШТI:
      1. 2015 жылдың қаңтарынан бастап наурызға дейiн тiркеу жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасы ер азаматтарының Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң әскерге шақыру учаскесiнде (келiсiм бойынша) тiркеуi және медициналық куәландырылуы ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары Д.А. Могуноваға жүктелсiн.
      3. Осы шешiм оны алғашқы рет жариялағаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімінің м.а
Р. Ғаббасов
      Келiсiлдi:
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
"Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмi"
республикалық мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
2014 жылғы 4 желтоқсан
А. Хорошенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады