Қазақстан Республикасының ер азаматтарын 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Тайынша ауданының аумағында тіркеуді және медициналық куәландыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің 2014 жылғы 14 қарашадағы N 36 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда 3007 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 2016 жылғы 5 қаңтардағы N 12.1.7-1/02 хаты)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппаратының 5.01.2016 N 12.1.7-1/02 хаты).
      "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 16 бабына, "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының тіркелу жылы он жеті жасқа толатын ер азаматтарын "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2015 жылдың қаңтарынан наурызына дейін тіркеу және медициналық куәландыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары Алданазарова Жанар Ермекқызына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрілігінің "Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданының қорғаныс істер жөніндегі
бөлімі" республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
2014 жыл 14 қараша
С. Салтықов







Т. Тұрабай

 

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады