Атырау облысы әкімі мен Атырау облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімінің 2014 жылғы 09 қазандағы № 19 және Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 қазандағы № 326-V бірлескен шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 қарашада № 3036 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 62937-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Атырау облысы әкімі және V шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXVI сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атырау облысы әкімі мен Атырау облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне осы бірлескен шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы бірлескен шешімнің орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Ш.Ж. Мұқанға және Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Т.Б. Мұхатановқа жүктелсін.
      3. Осы бірлескен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            М. Артығалиев

      Облыс әкімі                                Б. Ізмұхамбетов

      Мәслихат хатшысы                           С. Лұқпанов

Атырау облысы әкімінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 19 және Атырау облыстық
мәслихатының 2014 жылғы
10 қазандағы № 326-V  
бірлескен шешіміне қосымша

Атырау облысы әкімі мен Атырау облыстық мәслихатының кейбір бірлескен шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Атырау облысы әкімінің және Атырау облыстық мәслихатының 2003 жылғы 6 маусымдағы № 312-ІІ "Атырау облысы Құрманғазы ауданының Ақкөл поселкесін село санатына жатқызу туралы" бірлескен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1562 тіркелген, 2003 жылы 10 шілдеде "Атырау" газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде атауы мен 1-тармақтағы "село" деген сөз "ауыл" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2. Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 21 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 7 сәуірдегі № 300-ІІІ "Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы" бірлескен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2460 тіркелген, 2006 жылғы 4 мамырдағы "Атырау" газетінде жарияланған):
      орыс тіліндегі мәтінде 1 және 2-тармақтарындағы "аульный" деген сөз "сельский" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3. Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 19 маусымдағы № 29 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі № 319-ІІІ "Махамбет ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы" бірлескен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2473 тіркелген, 2007 жылғы 25 қаңтардағы "Атырау" газетінде жарияланған):
      1 тармақтағы мемлекеттік тілдегі мәтінде "селолық", "селосы" деген сөздер сәйкесінше "ауылдық", "ауылы" деген сөздермен, орыс тіліндегі мәтінде "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4. Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 32 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі № 310-ІІІ "Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы" бірлескен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2471 тіркелген, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі "Атырау" газетінде жарияланған):
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы "село", "селолық" деген сөздер сәйкесінше "ауыл", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5. Атырау облысы әкімінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 33 және Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 12 шілдедегі №311-ІІІ "Қызылқоға ауданының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне өзгерістер енгізу туралы" бірлескен шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2472 тіркелген, 2006 жылғы 2 қыркүйектегі "Атырау" газетінде жарияланған):
      1-тармақта:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен;
      орыс тіліндегі мәтінде "аул" деген сөз "село" деген сөзбен ауыстырылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады