Атырау қаласы бойынша Атырау селолық округі әкіміне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 21 ақпандағы № 147 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 2876 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 30 мамырдағы № 544 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 30.05.2014 № 544 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау селолық округі әкіміне кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратыны басшысы Б. Құсниевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Айдарбеков

КЕЛІСІЛДІ:
Атырау қалалық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)         А. Абдолов
12 ақпан 2014 ж.

Қалалық әкiмдіктің    
2014 жылғы 21 ақпандағы № 147
қаулысына қосымша     

Атырау селолық округі әкіміне кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Орналасқан жері


Атырау селолық округі, Атырау селосы, Қуанәлі Құрмашев көшесінде орналасқан № 70 үй маңындағы стенд

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады