Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы

Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы № 20-3 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 шілдеде № 2948 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2015 жылғы 18 қыркүйектегі № 32-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 18.09.2015 № 32-3 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Үйде оқитын мүгедек балаларға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық қамсыздандыру тағайындалсын.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, кәсіпкерлікті дамыту, қаржы және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына (Б. Сұлтанов) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға таралады.

      Аудандық мәслихаттың ХХ сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                 М. Кенғанов

О назначении материального обеспечения детям-инвалидам, обучающимся на дому

Решение Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 25 июня 2014 года № 20-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 03 июля 2014 года № 2948. Утратило силу решением Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 18 сентября 2015 года № 32-3

      Сноска. Утратило силу решением Жылыойского районного маслихата Атырауской области от 18.09.2015 № 32-3 (вступает в силу со дня подписания).
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 217 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере социальной защиты населения" районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Назначить материальное обеспечение детям-инвалидам, обучающимся на дому, ежемесячно в размере 2,4 месячных расчетных показателей.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по вопросам экономики, развитию предпринимательства, финансам и бюджету (Б. Султанов).
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения возникшие с 1 января 2014 года.

      Председатель ХХ сессии районного
      маслихата, секретарь маслихата             М. Кенганов