Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 266 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 05 қыркүйектегі № 214 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 қыркүйекте № 2984 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 24.11.2014 № 269 қаулысымен (қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 28-бабының 6-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 266 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4-5-155 тіркелген, аудандық "Қызылқоға" газетінде 2012 жылы 26 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      қосымшаға сәйкес көрсетілген қаулының № 2 қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы М.Абуовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мұқанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы:                    Ж.Ибрашев
      4 қыркүйек 2014 жыл

Аудан әкімдігінің  
2014 жылғы 5 қыркүйек 
№ 214 қаулысына 2 қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және Қызылқоға ауданы бойынша облыстық, аудандық Мәслихат депутаттығына сайлау округтері бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін орындар белгілеуге жауапты мемлекеттік орган

Мемлекеттік орган атауы

Басшы

Телефон, факс

Адрес

1

Қызылқоға аудандық экономика және қаржы бөлімі

Сәлімгереева Құралай Әділшеқызы

871238
2-12-02

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Тайпақ Қарабалин көшесі № 39

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады