Аудандық коммуналдық меншіктегі мүлікті жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 273 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 3060 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әжіғалиевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі

М. Мұқанов

Аудан әкімдігінің   
2014 жылғы "24" қарашадағы
№ 273 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі

Мүлік атауы

Салынған жылы

Жалпы ауданы (шаршы метр)

Теңгерім ұстаушысы

1

Ірі қара малды қолдан ұрықтандыру пунктінің ғимараты

2005

16,1

"Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

2

Монша ғимараты

1980

226,0

"Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ

3

Монша ғимараты

1992

12,7

ММ "Тасшағыл орта мектебі"

      ММ - мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады