Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 наурыздағы № 93 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 сәуірде № 2883 тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 09.11.2015 № 337 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Атырау облысы әкімдігінің алдын-ала келісіміне сәйкес, аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Е. Нұрлыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Арыстан

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 93 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүлік атауы
Шығарылған жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
УАЗ 31514 автомобилі тіркеу нөмірі Е 972 ВЕ
2000
"Индер аудандық білім бөлімінің Аққала орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2
Ваз 21310 автомобилі тіркеу нөмірі Е 942 ВN
2001
"Индер аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
3
УАЗ 31519 автомобилі тіркеу нөмірі 356 АВ 06
2000
"Индер аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі
4
Ваз 21310 автомобилі тіркеу нөмірі Е 109 ВЕ
2004
"Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индербор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
5
КО-440-1 автомобилі тіркеу нөмірі Е 058 АZ
2000
"Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индербор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
6
МАЗ 5551-020 автомобилі тіркеу нөмірі E 578 AV
2000
"Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индербор кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады