Бәйгетөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 170 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 02 шілдеде № 2947 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 353 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.12.2014 № 353 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі:
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабы 6 тармағы негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабын басшылыққа алып, Мақат ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Бәйгетөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Мақат ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж. Бухарбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Х. Тулеушов
      КЕЛІСІЛДІ:
Мақат аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
25 маусым 2014 ж.
Ә. Ерғожиев

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 170 қаулысына қосымша

Бәйгетөбе ауылдық округі әкіміне кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орыны


Мекен-жәйы
Орналасқан жері
1
Бәйгетөбе ауылы, 3 үй
"Бәйге-төбе орта мектебі" мемлекеттік мекемесінің алдыңғы алаңындағы стенд

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады