Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 қыркүйектегі № 414 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 қыркүйекте № 2993 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Құрманғазы аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Бектемировке жүктелсін.
      3. Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 398 "Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы" қаулысы жойылсын.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Баракатов

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 414 қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктердің тізбесі


Мүліктің атауы
Салынған жылы
Теңгерім ұстаушысы
1
Қонақ үй ғимараты (жалпы ауданы 163,6 шаршы метр)
1973
"Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
2
Жылу қазандығы ғимараты ( жалпы алаңы 54,0 шаршы метр, бұзып алу жолымен)
1992
"Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
3
Жылу қазандығы ғимараты (жалпы ауданы 56,0 шаршы метр, бұзып алу жолымен)
1984
"С. Мұқанов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады