Киров ауылдық округі әкімі лауазымына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 447 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қарашада № 3041 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Құрманғазы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Киров ауылдық округі әкімі лауазымына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау "Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н. Қалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Баракатов
      "Келісілді"
      Құрманғазы аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы А. Изжанов
      23 қазан 2014 жыл

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 447 қаулысына қосымша

Киров ауылдық округі әкімі лауазымына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

р/с
Елді мекеннің атауы
Орналасқан жері
Орналасу үшін нысанның атауы
1
Ганюшкин ауылы
Абай көшесі, 50
"Смағұл Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны" мемлекеттік кәсіпорынының алдыңғы алаңындағы ақпараттық тақта
2
Дәшін ауылы
Егеменді Қазақстан көшесі, 11 б
"Боздақтар" алаңы жанындағы ақпараттық тақта

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады