"Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 277 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қыркүйекте № 2803 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Ә.Бектаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А.Мырзахметов
      Б. Оспанов
      Б. Жылқышиев
      Ә. Бектаев
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      Р. Исаева

  Оңтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы "25" тамыздағы
№ 277 қаулысына қосымша

"Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі спорт және дене шынықтыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Мәделі қожа көшесі, № 1 үй, пошталық индексі 160021.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы Оңтүстік Қазақстан облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      15. Міндеттері:
      1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;
      2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;
      3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;
      4) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу.
      16. Функциялары:
      1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;
      2) аккредиттелген республикалық және (немесе) жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi, оның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері, бұқаралық спорт бойынша, сондай-ақ ардагер спортшылар арасында облыстық спорт жарыстарын өткiзедi;
      3) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) облыс аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
      5) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      6) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
      7) спортшыларға: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;
      8) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;
      9) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін бекiтедi және оның iске асырылуын қамтамасыз етеді;
      10) облыс аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      11) облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады;
      12) жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді жүзеге асырады;
      13) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттар үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын іске асырады;
      14) спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттардың үлгілік оқу жоспарларын келіседі;
      15) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;
      16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ұсыныс енгізеді;
      17) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      18) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
      19) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты болады;
      20) облыстық коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;
      21) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және заңнамада көзделген жағдайларда келіседі;
      22) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамның даму жоспарларының орындалуын бақылайды және талдайды;
      22-1) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;
      22-2) спорт мектептеріне, спорт мектебінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе береді;
      22-3) халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық өзіндік ерекшеліктер мен техникалық тапсырманы республикалық аккредиттелген спорт федерацияларымен келіседі;
      23) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін облыс әкімдігінің және (немесе) әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, қаулыларының жобасын дайындауға қатысады;
      2) заңнамамен бекітілген тәртіпте мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті мәліметтер сұратуға, сондай-ақ, басқа мемлекеттік органдарға мәліметтер ұсынуға;
      3) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;
      4) осы Ережемен, Қазақстан Республикасы заңнамалармен және жергілікті облыс әкімдігімен бекітілген басқа да өкілеттіктерді іске асырады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды (дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша) және қызметтен босатады.
      20. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;
      2) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;
      3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;
      5) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;
      7) келісім-шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) банкте шоттар ашады;
      10) өз уәкілеттігі шегінде барлық "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне, қарамағындағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;
      12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;
      13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      "Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
      Коммуналдық мемлекеттік мекемелер:
      1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының Олимпиадалық резерв даярлау орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      2) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      3) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының жекпе-жек түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      4) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының № 1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      5) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының № 2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      6) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының № 3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      7) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының гимнастикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      8) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының футболдан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      9) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      10) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      11) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының жекпе-жек түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      12) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының ауыр атлетикадан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      13) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының ату және ұқсас спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      14) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бекзат Саттарханов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық дарынды балалардың спорт мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      15) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      16) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының мүгедектерге арналған кешенді мамандандырылған спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      17) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      18) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің теннис спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      18-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Түлкібас ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындары:
      19) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйшешек" спорттық-сауықтыру кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      20) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қазығұрт" спорт ойын түрлері клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      21) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Облыстық дәрігерлік- дене тәрбиесі диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      22) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қажымұқан атындағы орталық стадионы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      23) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;
      24) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Қыран" футбол клубы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      25) "Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Жеңілатлетикалық спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Орталық су-спорт кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26-1) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26-2) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының Әбдісалан Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
      26-3) Оңтүстік Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Оңтүстік Қазақстан облысының ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
      Акционерлік қоғам:
      27) "ОРДАБАСЫ" кәсіби футбол клубы" акционерлік қоғам.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 06.03.2015 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады