Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 маусымдағы № 4/30-V "Арыс қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерic енгiзу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 30/174 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде № 2719 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11/79-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 24.03.2017 № 11/79-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 маусымдағы № 4/30-V " Арыс қаласы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14-2-132 тiркелген, 2012 жылғы 21 шiлдедегі " Арыс ақиқаты " газетiнде жарияланған) шешіміне өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Арыс қаласында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiнде:
       7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы С.Файзуллаев
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Т.Тулбасиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады