Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 40/262-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 2974 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 маусымдағы № 44/306-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық мәслихатының 26.06.2015 № 44/306-V шешімімен (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     М.Мауленов

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М.Момынов

Қазығұрт аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 40/262-V шешіміне 1 қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3

1

Тұрмысқа жайлы тұрғын үйлер (орталық жылу жүйесі немесе газбен жылытылатын үйлер)

Тұрғын

1,061

2

Тұрмысқа жайсыз тұрғын үйлер (тас көмірмен жылытылатын үйлер)

Тұрғын

0,95

3

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және с.с.

Орын

1

4

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

Орын

1

5

Балабақшалар, бөбекжайлар

Орын

0,39

6

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

Қызметкер

0,27

7

Емханалар

Адам

0,28

8

Ауруханалар

Төсек-орын

1

9

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

Оқушы

0,12

10

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану орындары

Орын

0,0001

11

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автомат залдары

Орын

0,2

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Орын

0,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Шаршы метр

0,2

14

Азық-түлік дүкендері

Шаршы метр

1,23

15

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Шаршы метр

0,9

16

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршік, сөрелер

Шаршы метр

0,974

17

Дәріханалар

Шаршы метр

0,909

18

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автокөлік жанармай станциясы, гараждар

Орын

0,107

19

Автомобиль шеберханалары

Жұмысшы

0,2

20

Шаштараздар, косметикалық салондар

Жұмыс орын

0,2

21

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары,

Шаршы метр

0,06

22

Моншалар, сауналар

Шаршы метр

0,23

23

Бау-бақша кооперативтері

Учаске

0,0019

24

Кіржуатын орындар, химиялық тазалау орындары, техникаларды жөндеу орындары

Шаршы метр

0,27

25

Вокзал, атовокзалдар, аэропорттар

Шаршы метр

0,5

Қазығұрт аудандық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 40/262-V шешіміне 2 қосымша

Қазығұрт ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

      Жеке тұлғалар үшін:     

Атаулары

Есептік бірлік

Баға, теңгемен

1

Коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету тарифтері



1.1

Жайлы үйлер ҚҚС қоса


106

1.2

Жайсыз үйлер ҚҚС қоса


106

1.3

Заңды тұлғалар ҚҚС қоса

1 текше метр

1072,6

2

Коммуналдық қалдықтарды көму және кәдеге жаратау тарифтері



2.1

Жеке тұлғалар

1 текше метр

200

1 тонна

600

2.2

Заңды тұлғалар

1 текше метр

200

1 тонна

600

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады