Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 маусымдағы № 32-187-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 шілдеде № 2724 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 13-107-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 17.04.2017 № 13-107-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2012 жылғы 30 наурыздағы № 3-13-V "Мақтарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-7-166 тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы "Мақтаарал" газетінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Мақтаарал ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:
      15 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "15. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау (тағайындаудан бас тарту) шешiмiн қабылдайды.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Қ.Сәрсекбаев
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы: О.Дәндібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады