2014 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 50 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 наурызда № 2561 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 1529 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің 26.02.2015 № 1529 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. 2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы  Созақ ауданы әкімдігінің 24.06.2014 № 238 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Еденбаеваға жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмi                                А.Аймұрзаев

Созақ ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 17 ақпандағы
№ 50 қаулысымен бекітілген

2014 жылы жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

Мекеме,кәсіпорын аты

Жылына қоғамдық жұмыстарға сұраныс /адам саны/

Жұмыстың түрі мен көлемі

Қаржыландыру көзі

1

«Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі

15

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

Аудандық бюджет

15

Аумақты экологиялық сауықтыру, көріктендіру

2

«Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

57

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

3

«Созақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

35

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

4

«Құмкент ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

30

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

5

«Жартытөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

30

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

6

«Сызған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

31

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

7

«Қарақұр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

21

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

8

«Қаратау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

21

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

9

«Жуантөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

21

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

10

«Тасты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

11

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

11

«Шу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

11

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

12

«Таукент кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

11

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

13

«Қыземшек кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

1

Еңбек рыногының индикатор көрсеткіштерін анықтау

Аудандық бюджет

11

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

14

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ-сәулет» мемлекеттік коммунальдық кәсіпорны

20

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

Аудандық бюджет

15

Оңтүстік Қазақстан облысы «Созақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

10

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

Аудандық бюджет

16

«Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2

Жұмыссыздарға жұмыс іздеу клубы жоба жетекшісі

Аудандық бюджет

17

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Созақ ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

6

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

Аудандық бюджет

18

«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті Созақ ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

40

Елді мекендерге «Сақшы» жобасы бойынша учаскелік полицияларға қоғамдық тәртіпті ретке келтіруге көмек көрсету

Аудандық бюджет


Барлығы

410



      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады