Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 188 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 шілдеде № 2708 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 90 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Созақ аудандық мәслихатының 30.06.2017 № 90 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Созақ аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 37 "Созақ ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-12-143 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 25 шілдеде "Созақ үні" газетінде жарияланған) шешіміне өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Созақ ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

       7 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ аудандық мәслихатының
      кезекті ХХХІI сессиясының төрағасы М.Тұрысбеков
      Созақ аудандық
      мәслихаттың хатшысы М.Исаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады