"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 18 наурыздағы N 55 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде N 3239 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 маусымдағы № 167 қаулысымен

      Ескерту. . Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 10.06.2016 № 167 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, 39-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы (Н. Қ. Ахметжанов) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. М. Омарға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі

Б. Сапарбаев

      

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2014 жылғы "18" наурыздағы
№ 55 қаулысымен
бекітілді

"Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысы аумағында мәдениет, мұрағат ісі және құжат жасау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітеді.
      8. Басқарманың орналасқан жері: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Пермитин көшесі, 23.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Миссиясы:
      Шығыс Қазақстан облысы аумағында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ, Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын қалыптастыру, сақтау мен пайдалану.
      14. Міндеттері:
      1) мәдениетті мемлекеттік қолдау, Шығыс Қазақстан облысы халықтарының мәдени мұрасын сақтау, және дамыту;
      2) тарихи және мәдени мұраны қорғау және олардың дамуында сабақтастықты қамтамасыз ету;
      3) Шығыс Қазақстан облысы аумағында мұрағат ісін және құжат жасауды мемлекеттік басқару.
      15. Функциялары:
      1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және мұражай ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің құруына, қайта ұйымдастыруына және таратуына бастама жасайды, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;
      3) театр, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және мұражай ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдени ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыс мекемелерінің мәдениет саласындағы қызметін қамтамасыз етеді;
      4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;
      5) облыстың тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткiштерiн есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану, сондай-ақ елдiң көрнектi мәдениет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің ол туралы ережені бекітуін ұйымдастырады;
      7) облыста орналасқан мәдениет ұйымдары қызметінің мониторингін іске асырады және уәкілетті органға ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысанда өзге де есептер ұсынады;
      8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
      9) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
      10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
      11) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;
      12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;
      13) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлiк бередi;
      14) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беруді ұйымдастырады;
      15) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
      16) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;
      17) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді;
      18) облыстың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды көздейді;
      19) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешеді;
      20) мәдениет саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi;
      21) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдейдi және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушыларының орындауын бақылайды;
      22) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасайды;
      23) Шығыс Қазақстан облысы мәслихатына тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы ұсыныстар енгізедi;
      24) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзедi;
      25) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарайды және келiседi;
      26) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған табиғи орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асырады;
      27) облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
      28) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар береді;
      29) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негіздерде және тәртіппен әкімшілік ықпал етудің өзге де шараларын қолданады;
      30) облыстың аумағында мұрағат ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырады;
      31) облыстың мемлекеттік мұрағаттарының сақтауына қабылданған Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын сақтауды, толықтыруды және пайдалануды ұйымдастырады;
      32) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын мемлекеттік есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      33) облыстың коммуналдық меншiктегi тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды жүзеге асырады, оларды сақтау мен пайдалануды қамтамасыз етеді;
      34) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
      35) облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақталатын Ұлттық мұрағат қорының құжаттары бойынша деректер қорын қалыптастырады;
      36) облыстың аумағында орналасқан Ұлттық мұрағат қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда iс жүргiзудiң жай-күйiне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылық жасауды және бақылау жасауды жүзеге асырады;
      37) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;
      38) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекітеді;
      39) Ұлттық мұрағат қорын және құжаттарын мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін пайдаланылуын ұйымдастырады;
      40) облыстың тарихы бойынша мұрағат құжаттарын жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;
      41) Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз функциясын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардан, лауазымдық тұлғалардан, ұйымдар мен олардың жетекшілерінен, азаматтардан сұрау және алу;
      2) арнаулы білім және тәжірибені қажет ететін кеңес алу, мәселелерді зерттеу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз кеңесшілерді) тарту;
      3) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстармен фестивальдерді өткізуді ұйымдастыру;
      4) тұлғалардың Қазақстан Республикасының мәдениет, мұрағат ісі және құжат жасау саласындағы қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін іс-әрекеттеріне жол бермеу және оларды жауапкершілікке тарту жөнінде құзыретті органдарға ұсыныс енгізу;
      5) мәдениет, мұрағат ісі және құжат жасау ұйымдарының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамаларын сақтауына ішкі бақылау жүргізу;
      6) Басқарма қарамағындағы ұйымдардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім беру;
      7) Қазақстан Республикасы заңнамасы шегінде өз миссиясын, міндеттері мен функцияларын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдау;
      8) Басқарма осы Ереженің 15-тармағында көзделген функцияларды қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Басқарма басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Басқарма басшысының өкілеттігі:
      1) Басқарма атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
      2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
      3) шарттар жасасады;
      4) сенімхаттар береді;
      5) банк шоттарын ашады;
      6) Басқарманың, Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағат мекемелерінің және ұйымдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды тұлғаларын және өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ, Басқармаға қарасты ұйымдардың басшыларын (олардың орынбасарларын) жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      8) Басқарма қызметкерлеріне және Басқарма басшысы тағайындайтын басқа да қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза тартады;
      9) өз орынбасарларының және Басқарманың өзге де қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін жеке жауапты болады;
      11) ерлер мен әйелдерге, олардың тәжірибесіне, қабілеті мен кәсіби дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасы, осы ереже және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен әкім жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      Басқарма басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21) Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22) Басқармаға бекітілген мүлік Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншігіне жатады.
      23) Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24) Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

7. Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
Коммуналдық мемлекеттік мекемелер

      1) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      2) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      3) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      4) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      5) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      6) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      7) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Бесқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      8) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      9) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Мемлекеттік мұрағат" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      10) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Глубокое ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Катонқарағай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      12) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Көкпекті ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      13) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Күршім ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      14) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Тарбағатай ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      15) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Ұлан ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      16) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Үржар ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      17) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шемонаиха ауданының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      18) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар

      19) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      20) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      21) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстандық Өнер мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      22) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      23) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Ф.М. Достоевскийдің Семейдегі әдеби-мемориалдық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      24) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Облыстық Семей тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      25) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Зайсан тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      26) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Риддер тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      27) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      28) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шемонаиха тарихи-өлкетану мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      29) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атындағы драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Абай атындағы театр" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      31) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      32) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Семей қаласы "Дариға-ай" жастар театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      33) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Семей қаласы "Еураз-шоу" ән театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      34) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      35) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Облыстық Достық үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      36) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Өрлеу" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      37) Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Еңлік-Кебек" кинотеатры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады